Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бақытқа жетудің сырлары

— Ерте тұрып үйрен!

— Болмашы нәрселерді дерт етпе!

— Адамдарды сынға алудан тыйыл!

— Барлық кезде жақсылық жасауға тырыс!

— Басқаларды кінәлаудан тыйыл!

— Барлық нәрсені иемденуге тырыспа!

— Кемшіліксіз бола алмайтыныңды мойында!

— Сабырлығыңды дамытатын жаттығулар жаса!

— Барлық кезде жаңа нәрсе үйренуге бейім бол!

— Адамдардың көздеріне қара, күлімдеп жүр.

— Жаманның да жаманы болады, барлық жағдайда шүкір ет!

— Күнделікті жағдайларыңнан ғажайып нәрсе табуға тырыс!

— Барлық адамдардың келісімін ала алмайтыныңды ұмытпа!

— Істеген жақсылықтарыңды жасыр!

— Қазіргі жағдайыңмен бақытты болуға тырыс!

— Ренішің қоза бастағанда онға дейін сана!

— Өзіңнен басқалардың бәрін білімді деп ойла!

— Күнде рахмет және алғыс айту үшін де уақыт ажырат!

— Кезіккен әрбір нәрсеңде жаратқанның ізін назардан тыс қалдырма!

— Қызмет етуді әдетке айналдыр!

— Қайтпай ұстанатын көзқарастарыңды жұмсартуға тырыс!

— Ешкімнің сөзін бөлме, сөйлемін де сен аяқтама!

— Жете алмай жүргеніңді емес, қолың жеткен нәрсені ойла!

— Қанша көп болса сонша жақсы деген ойдан аулақ бол!

— Адам баласының әрбірі өзі қалыптастырған мінездерден құралғанын ұмытпа!

— Өмірдің шындығын өзі бойынша қабылда, себебі өмірде әрқашан әділеттілік бола бермейді!

— Жүз жылдан кейін мұнда мүлдем басқа адамдардың болатынын ұмытпа!

— Жақсы не жаман ой қар сияқты, барған сайын үлкейіп бір күні таудай проблема шығаратынын естен шығарма!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама