Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Тақырыбы:«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
1. Білімділік:
1. Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру
2. Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3. Тәрбиелік: туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, қима қағаздар.

Ойынның барысы:
Жүргізуші:
- Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» демекші, сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Бақытты сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа үш топ қатысады, топтарды ортаға шақырамыз.
Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
«Алғыр»3 «А» тобы - ойыншылары:
«Білгір» 3 «Б» тобы - ойыншылары:
«Тапқыр» тобы» 3 «В» тобы - ойыншылары:

Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:
І. «Таныстыру»(Әр топ өзін таныстырады)
ІІ. «Кім білгір?» (сұрақ - жауап) Әр дұрыс жауапқа 5ұпай. Әр топқа 6 сұрақтан
ІІІ.«Ойлан тап!» Сөзжұмбақ шешу.
ІҮ.«Полиглот» Суреттердің орысша, қазақша атауларын айтады
Ү.«Көңілді сәт» Әр топтан екі бала шығып билейді. Қандай би, қай ұлттың биі екенін шешеді.
ҮІ.«Сөз құра» Бір сөзден бірнеше сөйлем құрау. Капитандар сайысы.
ҮІІ. «Өнерлі өрге жүзер.» Әр топ өз өнерін көрсетеді.

I. Бірінші кезең:«Өзін - өзі таныстыру» Бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір - бірімен танысады.
(Топтардың танысуы). Әділ қазылар алқасына сөз

II. Екінші кезең.
2. «Кім білгір?» (сұрақ - жауап)
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
2. Астанасы қай қала? Тудың түсі қандай?
3. Құлын, бота, қозы - нелер?
4. Қазақ тілінде неше септік бар?
5. Қазір қай жыл мезгілі?
6. Бір аптада неше күн бар?
7. Талғат Мұсабаев кім?
8. Бір жылда неше мезгіл бар?
9. Қазақстан қандай мемлекет?
10. Қасық, кесе, шанышқы – нелер?
12. Қазақстанның мемлекеттік тілі?
13. Қар қай кезде жауады?
14. Қазақстанда неше облыс бар?
15. Қазақстанның төл мерекелерін атаңдар
16. Рәміздерді ата.
17. Қант, сүт, нан - нелер?
18. Нешінші сыныпта оқисыңдар?
Әділ қазылар алқасына сөз

III. Үшінші кезең: Ойлан, тап! Интерактивтік тақтада көрсетілген бір сөзжұмбақты үш топ шешеді. Қай топ тез, дұрыс шешсе сол топ жоғары ұпай алады. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

IV. Төртінші кезең: Полиглот. Интерактивті тақтадан көрсетілген суреттердің орысша, қазақша атауларын айтады. Кошка - мысық, лев - арыстан, колбаса - шұжық, сыр - ірімшік, медведь - аю. т.б. Әділ қазылар алқасына сөз
V. Бесінші кезең: «Көңілді сәт» Әр топтан екі бала шығып билейді. Қандай би, қай ұлттың биі екенін шешеді. Әділ қазылар алқасына сөз
ҮІ «Сөз құра» «ҚАЗАҚСТАН» сөзінен жаңа сөздер құрастыру (капитандар сайысы).
Қаз, аз, ат, тана, ана, апа, ата, тас, сат, саз, нас, ақ, қас, сас т. б ҮІІ. « Өнерлі өрге жүзер.» Әр топ өз өнерін көрсетеді.
Әділ қазылар алқасына сөз Қорытындылау, марапаттау
Осымен, Бақытты сәт атты ойынымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Өмірде бақытты сәттеріңіз көп болсын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама