Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Бар ізгілік бір өзіңнен тарайды
Тақырыбы: Бар ізгілік бір өзіңнен тарайды

Мақсаты: Ананың өмірдегі қоғамдық орнын, қадір - қасиетін оқушылар санасына ұялата отырып, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Аналар туралы нақыл сөздер.
«Ана бір қолымен бесік тербетеді, бір қолымен әлемді әлдилейді»,
«Жұмақ ананың аяғының астында» нақыл сөздері.
Құрал жабдықтар: DVD, MP – 3 диск.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз.
2. « Ана туралы аңыз» атты көрініс.
3. Ана туралы жүрек жарды шығармашылықтары.
4. Тренинг « Қымбатты апа...»

Жүру барысы:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тән. Жердің өзіне де Жер – Ана деп теңеу айтып жүрген жоқпыз ба? Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны да алабөтен. Ана – перзент тәрбиелеуші, ана – қызметкер. Сондықтан да болар, әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады, қолынан келгенше мәпелейді. Әйел – ана алдындағы адамзаттық борышын өтеуге тырысады. Қарапайым еңбек адамы анасына сый – құрмет көрсетсе, ақын оған өлең шығарады. Құрметті ұстаздар мен ардақты аналар! « Бар ізгілік өзіңнен тарайды» атты ашық тәрбие сағатымызда бүгін оқушылардың өз шығармашылықтарымен таныс боласыздар. Әр баланың анасына деген жүрек жарды туындыларымен бүгін таныс боласыздар...

2. Көрініс « Ана туралы аңыз».
Рөлдерде: Жігіт: Анасы: Қыз: Автор:

3. Қазірет пайғамбарға бір адам келіп: - Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубә ету мүмкін бе?- деп сұрайды. Сонда пайғамбар: - Анаң бар ма?- деп сұрайды. - Бар, - дейді әлгі адам. - Онда анаңа қызмет көрсет, - деген екен пайғамбар.
Олай болса шәкірттердің өз жүрегінен шыққан аналар туралы өлеңдері мен ойтолғауларына кезек берейік.

4. Құрметті қонақтар, енді осы ортаға төмендегі оқушыларымды аналарымен шақырғым кеп тұр. Оларға қошемет көрсетіп отырайықшы.
I Қорғасындай салмақты ________________________ анасы ___________________ апамен.
II Талапшыл да елгезек __________________________ анасы ___________________ апамен.
III Ақкөңіл де аңғал _____________________________ анасы ___________________ апамен.
IV Алғыр да үлгілі _______________________________ анасы ___________________апамен.
V Дарынды да ерек _____________________________ анасы ____________________апамен.
Ортаға келулеріңізді өтінемін ( қолыма шырақ алам. )

Ардақты аналар!
Өмір – өзен. Осынау өмірде көп қиыншылықтар мен тауқымет тартып, бауыр еті – балаларыңызды осы кезге дейін дәл бүгінгідей етіп тәрбиелеп өсіргендеріңіз үшін сіздерге бас иіп, тағзым етем. Бұл балалар үйде сіздің балаңыз болса, мектепте біздің, менің балаларым. Сіздерге өмір деген қиын да қызықты жолда сәттілік тілеймін!
Шырақтарыңыз сөнбесін!
Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту – таралғының керегі жоқ.
(Шырақты оқушыға ұстатам – қымбатты апа... )

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Мұрат, мүдде, мақсатың
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.
Ақтау дер ем, Ақтау дер ем
Апалардың ақ сүтін.
Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі аналар!
Мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңізбен нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама