Төрт түлік
Тақырыбы: «Төрт түлік» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халықтың тіршілік - істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім - бағымын түсіндіру. Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан - жануарға деген қарым - қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.
Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жұмбақ, мақал - мәтел, өтірік өлеңдер, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, құрттар, құрттар, қима қағаздар
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Топқа бөлу. Топпен таныстыру.
1 - топ. Қошақандар
2 - топ. Бұзауқандар
3 - топ. Құлыншақтар
4 - топ. Ботақандар
Мұғалім: Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе - көлігі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонған халқымыздың тұрмыс - тіршілігі төрт түлікпен байланысты. «Малым - жаным садағасы, жаным - арымның садағасы» деген ата - бабаларымыз. Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы. Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес.
І. Төрт түлік туралы не айтаcыңдар?
1. Қой - төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
2. Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
3. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.
4. Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды.
Мұғалім: Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар. Бізге жақсы таныс болу үшін сөз кезегін төрт түліктің пірлеріне берейік.
ІІ. Төрт түлік пірлері туралы не білесіңдер?
Қой – қазына, мырзалық,
Қой атасы - Шопаната.
Сиыр - қанағат, ақтық,
Сиыр атасы – Зеңгібаба.
Жылқы - сәндік, мақтан
Жылқы атасы - Қамбарата
Түйе - байлық, салтанат
Түйе атасы - Ойсылқара.
ІІІ. Төлдер туралы тақпақтар айту.
1. Кіп-кішкене, момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
2. Бұзауым бұзық,
Мінезі қызық
Маңдайы күйді
Қазанды сүзіп.
3. Құрық алып қолыма,
Қамшы салып торыға,
Жылқы айдаймын жайлауда,
Шаң ілеспей соңыма.
4. Жүресің тек монтиып
Қос өркешің селтиіп
Қарап жүріп қорқамын,
Қала ма деп жел тиіп.
Ән: Төлдер
Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдері көп.
1. Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
2. Сиырлының үйі – айран.
Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.
3. Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным.
Ат - адамның қанаты.
4. Түйе атасы - нар,
Ағаш атасы - шынар.
V. Жұмбақтар жасырайық.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
2. Мүйізі айдай иірген
Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік пен құрт майы
Жегенде тілді үйірген.
3. Қамыс құлақ
Тостаған тұқ.
Мінсең - қанат.
Сүті - дәрі,
Еті - тамақ.
4. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
VІ. Өтірік өлеңдер құрастырайық.
1. Сарымсақ, сәбіз бөлмеде
Өскенін көп ел көріпті.
Қой мен ешкі төлдерге
Тамақ жасап беріпті.
2. Қарағаштың басына
Қауын, қарбыз өсіпті.
Түйе мен сиыр қызығып,
Қыста жейміз десіпті.
3. Жануарлар бақшаға
Жеміс жеуге келіпті.
Суда өскен жүзімді,
Жылқы мен есек теріпті.
VІІ. Тыйым сөздер.
1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.
Иесі өкпелейді.
4. Жас малдың тістерін санамайды.
5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.
8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
Ән: Қошақаным қайда екен?
Қортынды: Балалар төрт түлік туралы не біліп үйрендіңдер?
Сендерге төрт түлік турасында нелер ұнады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.