Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Бәрінен адам күшті

Бірде көк кит баласымен бірге Атлант мұхитында жүзіп келе жатады. Бір кезде алдарынан бұлттай үгілген ақ түсті плактонға кездеседі.

— Бұл біздің сүйікті асымыз, қара, — деп анасы аузын ашып жұтып жібереді.

Енді бір сәтте алдарынан көптеген ұсақ-түйек шаян жолығады.

— Міне, қара, — деп анасы шаяндарды да жұта жөнеледі.

Көк мұхитта біраз жүзген соң алдарынан қайық көрінеді.

— Бұл не? — деп сұрайды киттің баласы.

— Бұл — қайық.

— Ал қасында тұрған бізден де алып нәрсе не?

— Бұл — кеме.

— Қандай үлкен!

— Үлкені үлкен. Оны адам жасаған.

— Адам деген кім?

— Міне, мыналар, қара, — деп анасы қайықтың жанында суда жүзіп бара жатқандарды көрсетеді.

— Бұларды манағыдай жұтпайсыз ба?

— Жұтуға болмайды.

— Неге?

— Себебі көп.

— Себептерін айтыңызшы.

— Біріншіден, бұл адам біздің өңешімізге сыймайды.

— Өңеш деген не?

— Оны өскенде білесің. Әрі әр заттың көлеміне қарап өңештің көлеміне сыятындай етіп қоректенесің.

— Ал жақсы адамға барып қорқытпаймыз ба?

— Болмайды.

— Неге?

— Өйткені бұл адамдар бізден күшті. Ана алып кемені жасаған адамдар керек десе бізді де аулайды. Бұлар кезінде біздің ата-бабаларымызды талай рет аулаған. Қазір де бізге жыртқыштық көзбен қарайды. Одан да бұлардан бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн.

Осылайша алып денелі көк кит пен оның баласы қайықтың жанында жүзіп жүрген адамдарға тиіспей әрі қарай кете барды...


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама