Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Басшы апайға құттықтау

Ұжымым деп бәйек болып жүресіз,
Татулыққа, ырзалыққа дәйек болып жүресіз.
Жұмысымыз оңға басса, көтеріліп көңіліңіз,
Бал-бұл жайнап, шаттанып бір күлесіз!
 
Сіз тұрғанда қамқоршы деп білеміз,
Көшбасшыға алаңдамай ереміз.
Аналық та, даналық та бойында
Басшымызға өзгелердің қызығарын білеміз.
 
Отбасында ата-анаға кіші қыз да өзіңіз,
Оттың басын ұйытатын анасы да өзіңіз.
Отағасы ата, Сіз ене боп атанып,
Құдалардың ортасында мерейленіп жүресіз.
 
Туған күнге құтты болсын айтамыз,
Тойды тойлап шат көңілмен қайтамыз.
Жасқа жастың қосылған жақсы ғой,
Тілегіміз қабыл болсын айтамыз!

*** *** *** ***

Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.

Ол еңбеккер, жәй еңбеккер емес, қайраткер, оқымысты ғалым, ұстаз. Әрі осының бәріне үйдің де, түздің де шаруасын қатар тындырып, үлгеріп жүрген қоғамның белсенді қайраткері. Күрделі жұмысымен қатар, ғылыммен айналысуға да уақыт тауып, кандидаттық қорғап алды. Оның білімі жоғары бағаланып, үнемі басшылық жұмыстар тапсырылып келеді. Және оны абыроймен атқарып жүргенін бәріміз білеміз. Осы орайда оның басшы ұстаз, ғалым ұстаз қасиеті көзге түседі. Ортасына сыйлы. Адамның бақыты деген сірә осындай еңбекқорлықтан, содан алған абыройдан құралатын болса керек. Адамда арман көп, таусылмайды, оның да арманы көп болар, бірақ ол бақыттымын деп толық айта алады деп ойлаймын.

Біздің тілегіміз, төңірегіңе шашқан адамгершілік нұрың ортаймасын. Қашанда қадірлісіз. Өзіңізге де, үлкен апамызға да зор денсаулық, амандық тілейміз.  

*** *** *** ***

Қазан айында 50 жасқа толған басшы апайға

Жер-Ана алтын түске малынғанда,
Ақ қайың шықтан моншақ тағынғанда,
Туыпсыз бақыт сыйлап отбасына,
Түстікке жыл құстары ағылғанда!
 
Басталып алтын күзден өміріңіз,
Келеді кір шалмастан көңіліңіз.
Қадірлі анаңыздай ұлағатты
Сапынан ұстаз-басшы көрініңіз!
 
Шығатын асу-шыңдар әлі алда,
Мәңгілік тіршіліктің мәні барда.
Толағай табыс-жеңіс тілейміз біз
Егемен еліміздің сәні алда!
 
Ұл-қызыңыз – ол Сіздің қос қанатыңыз,
Аналық таусылмасын тағатыңыз.
Жарыстан өмір деген озып келсін,
Бәйгенің тұлпарындай жаратыңыз!
 
Алтын күз жыл айналып келе берсін,
Бейбіт күн, жақсылығы ере келсін!
…………… …………қызы, өзіңізге
Бақытын әр жасыңыз бере берсін!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама