Ұлттық сана-сезімінің өсуі
Халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі ұлттық, әлеуметтік прогрестің басты үрдісі болып табылады. Жаңару жағдайында бұл үрдіс ғылыми-техникалык революция ықпалымен әрі қарай дами түспек. Кейінгі жылдары саясаттанушылар, социологтар, психологтар, философтар мен тарихшылар ықыласы аталмыш тақырыпқа арта түскенімен, оның көптеген қырлары зерттеуді қажет етеді. Әлбетте, бұл проблеманың барлық тұйткілдерін бір мақалада қамту мүмкін емес. Сондықтан, мен ұлттық сана-сезім өсуінің кейбір қырларын ғана ашып көрсеткім келеді.
Соңғы кезде Қазақстанның этникалық, этносаяси қауымдастығын зерттеуде ұлттық сана-сезім мен оның өсу проблемасы үлкен маңызға ие болып отырғаны белгілі. Осыған байланысты ғылыми әдебиет пен мерзімді баспасөзде «ұлттық сана-сезім және оның өсуі» деген үғымның өзін айқындауда айтарлықтай алшақтықтар байқалып жүргенін айта кетуіміз керек. Мұндай алшақтықтар, менің пікірімше, біріншідсн, аталмыш құбылысты танып-білудің күрделілігінен; екіншіден, оның ұзақ уақыттар бойы ғалымдар назарынан тыс қалып келгендігінен, үшіншіден, ұлттық санасезім ұлттық санамен тендестіріле қаралғандықтан, ал тертіншіден, оның мәніне дұрыс түсінік берілмей, тіпті жөн-жосықсыз бұрмалануынан туындаса керек.
Қазақстан халықтары ұлттық сана-сезімінің өсуін талдамас бұрын әуелі ұлттық сана дегеніміздің өзін түсініп алғаны жөн. Ұлттық сана -ұлттар мен ұлыстардың рухани дамуының мәнін, деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік, саяси, экономикалық, эстетикалық, философиялық, діни және өзге де көзқарастар жиынтығы. Мейлі, қазақ немесе басқа ұлт болсын ұлттық сананы олардың жекелеген өкілдері туғызбайды, ол ұлттық қауымдастықтағы ұжымдық санада пайда болады.
Демек, Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі — олардың ұлттық санасының өзегі мен негізгі құрамдас бөлігі. Ол — республиканың нақты халқын, оның өткенін, бүгінгісі мен болашағын, басқа халықтар арасындагы орны мен ролін өзіне арқау етіп алады. Мысалы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде негізінен оның өзге ұлттық қауымдастыктарға қатынасы «өзінікі» және «өзгенікі» дегеннің ортақтығы мен айырмашылығы сипатын түйсінуі болмақшы. Осыған байланысты оның ұлттық сана-сезімінде мәселенің дұрыс немесе теріс көрініс табуы да мүмкін. Сондықтан ұлтшылдық және шовинистік сезімдсрден ада, шынайы интернационалистік сана-сезім ғана халықтың шынайы ұлттық мүддесін бейнелей алады.
Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімі жедел дамумен қатар уақыт ағымына қарай өзгеріп те отырады. Ұлттық сана-сезім бұл, сайып келгенде, халықтың өзінің қадір-қасиетін танып-білу, өзі турасындағы ұғымдар жүйесі деген сөз. Қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің белгілі бір құрылымдық белгілеріне ұлттық тегін тануын, озық дәстүрлеріне ұлттық мактанышын, республика мен адамзат прогресінің дамуына қосқан үлесін, этникалық санасьн, аумақ, мәдениет, тіл, тарихи өткен кезеңі, ұлттық мүдцелсрі туралы түсінігін, өзге халықтарға көзқарасын жатқызар едік.
Осылайша, ұлттық сана-сезім бұл адамдар қауымдастығы ретіндегі халықтың өзінің өткені мен қазіргісін, даму деңгейін, қоғам прогресіндегі орны мен ролін, бостандық дәрежесін, адамгершілік келбетін, мұраттарын сезініп, экономикалық өмір, аумақтық байланыстар, мәдениет, тіл, психикалық болмыс арқылы ұштасып жататын әлсуметтік іс-қимыл субъектісі ретіндегі өз мәнін танып-бағалауы болып табылады.
Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімінде демократиялық кұрылыс табиғатына тән жалпыадамзаттық, интернационалдық белгілер қалыптасады. Біздің республика халқының ұлттық сана-сезімі жалпыадамзаттық құндылықтармен байып, оның кемелденуіне жол ашады деп пайымдаймыз. Осыған байланысты Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі өсуінің қандай себептері бар деген сұрақ туындайды. Біріншіден, демократиялық құрылыс халықгардың қайта түлеуі мен дамуының қуатты көзі болып табылады. Ол барлық халықтардың экономикалық және мәдени прогресіне қолайлы жағдайлар туғызады. Ұлттық факторлардың орнығуы, жаңаруы мен дамуы үшін жаңа сапалы негіз қалыптасады.
Екіншіден, қазақстандықтардың білімі мен мәдени дәрежесінің өсуі, олардың әлеуметтік-саяси белсенділігінің артуы ұлттық мүдделердің мәні мен ролін сезініп, олардың ұлттық сана-сезімді орнықтыруға бастайтын жолдарын саралауға көмектеседі. Адамдардың танымдары жаңарып, өз халқының өткені, бүгіні мен болашағы туралы үғымы байи түседі.
Үшіншіден, ұлттық сана-сезімнің өсуі Қазақстан халықтарында жүріп жатқан шоғырлану үдерістеріне және ішкі бірліктердің күшеюіне негізделеді. Бұл түста кейбір халықтар санының жедел табиғи өсуі де елеулі маңыз атқарады.
Біздің республика халықтары сана-сезімінің өсуі заңды объективтік құбылыс. Әңгіме даму үрдісі мен халықтардың жақындасуын білдіретін өзіндік әлеуметтік-психологиялық феномен жайында болып отыр. Сондықтан жалпы қазақстандық сананың қалыптасуы мен дамуына орай республиканың барша ұлттары ұлттық сана-сезімдерінің өсуі де жалғаса түспек.
Осы арада ұлттық сана-сезімнің үздіксіз өсуінің қандай әлеуметтік салдары болады деген мәселе туындайды. Ол ұлтаралық кикілжіңге, халықтар арасындағы жатсынушылық пен қырғи қабақтық көріністерге, ақырында ұлтшылдық пен шовинизмге әкеліп соқтырмай ма? Әлде халықтар достығын, Қазақстан халқының бірлігін нығайту арқылы ұлттық сана-сезімнің дамуын реттеп отыру мүмкін бе?
Халықтардың ұлттық сана-сезімдері күрделі әлеуметтік-психологиялык кұбылыс екендігін ескере отырып, мұның жағымды жағымен қатар жағымсыз тұстары болатынын да айта кеткен ләзім. Мысалы, Қазақстандағы казактардың өз мәдениетіне, тарихи өткеніне шектен тыс ден қоюы өз тарихын, ұлттық өмір тұрмысын әсіре марапаттаушылыққа, өз халқын асыра бағалап, Қазакстандағы казактардың және басқа халықтардың үлесі мен жетістіктеріне кемсітушілікпен карауына әкеліп соқтырады. Сол сияқты чечен халқының үлттык сана-сезімінің өсуі, айталык, ұлттық дандайсушылыққа, өркөкіректікке, төзімсіздік пен басқа да келеңсіз әрекеттерге ұрындыруы мүмкін. 1986 жылғы желтоқсанда Алматыда, сондай-ақ, Жаңаөзенде және республиканың баска да аудандарында болған ұлтаралық қақтығыстар үлттық сана-сезімдегі өзгерістердің айқын мы-салы бола алады.
Өзіне сын көзімен қарамаушылық көп ретте «интернационалдылық» немесе ұлтшылдық көріністерін тым әсірелеп жіберуге немесе ұлттык жалпыадамзаттық мүдделермен қабыспайтын орыстандыруға, өзінің мүмкіндік-қабілеттерін асыра бағалаушылыққа ұрындырады. Қол жеткендерін шексіз дәріптеушілік әсіресе голощекиндік және колбиндік көзендерге тән құбылыс болды.
Республиканың кез кслген халқының оның санының аз-көптігіне қарамастан, өздеріне тән құндылықтары, өз тарихы бар. Әрбір адамның өз тарихын, өз халқының салт-дәстүрлерін мақтан тұтуы табиғи нәрсе. Сондықтан уақыт пен ұлтаралық қарым-қатынастардың табиғи үдерісін айналып өтіп, қазақстандықтардың санасын жедел түрде «интернационалдандыруға» ұмтылу үлкен қателік болар сді. Әрі «интернационалдандыру» ұлттық ерекшеліктерді жоққа шығару, барлық мәселеге біржақты қарау тұрғысынан түсініліп келгенін де ескеруіміз керек.
Осылайша ұғынылған «интернационализм» іс жүзінде кері әсер етіп, жұртта этноцентристік пиғыл туғызады. Қазақстан халықтары өмірін «интернационалдандыруды» жеделдету үрдісі тек ұлттық факторға қысым жасап қана қоймай, оның ұлттық сана-сезім мен маңызды әлеуметтік-психологиялык діңгегі — ұлттык мақтаныштың езін елемеушілікке әкеліп соқтырды. Ұлттық мүдделерді аяқасты ету көптеген аудандары экологиялық апат жағдайында қалған Қазақстанның табиғи байлығын талан-таражға салу, орталық ведомстволық мүдделерді дәріптеу қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде жатырқаушылық, ашыну мен наразылық күйлерін туғызды.
Бұл арада өмірдің қай жағы болмасын ұлттық мүдделерге келіп жанасқанда ұлттық сана-сезім өзіндік көңіл-күйге де қатты әсер етеді. Бұған қазақ халқы өте әділ назар аударды. Ол Қазақстан аумағында 40 жыл бойына ядролық қарулардың кең көлемді сынақтары жүргізілгені және жүртшылықтың оны тоқтату жөніндегі талаптарына құлақ аспағаны туралы ренжіп, қайғырды. Әрине мүндай шешімдердің оспадарсыздығы қазак халқының ұлттық сезіміне қаяу түсірмей қоймағанын белгілі. Тағы бір мысал, Қазақстан сирек кездесетін пайдалы қазбаларға бай екендігі белгілі, бірақ шын мәнінде республиканың осындай өз байлығына өзі иелік ете алмауы оны бейшаралық пен отарлық жағдайға душар етті.
Осыған байланысты орталықтың аузын арандай ашқан алпауыт министрліктері мен ведомстволары өздерін бөтен елдегі жаулап алушылар сияқты сезініп, Қазақстан байлығын ту-талақай етіп, судай сапырып отырғанымен, рсспубликаның әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның экологиялық, мәдени, дәстүрлік ерекшеліктеріне аса салғырт қарағандарын да айта кету керек. Мысалы, «ғасыр жобасы» аталынған терістік өзендерін бұру немесе Қазақстанды бір жақты монокультуралық дамуға ғана бағыттап, оның ұлан-ғайыр аумағын атом полигондарына айналдыру тәрізді қаскөйліктер нағыз қылмыстық әрекеттердің, адамдар тағдырына деген түрпайы төрешілдік немқұрайдылықтың куәсі болып табылатыны даусыз. Мүның үстіне, ғалымдардың деректеріне сүйенсек, Қазақстанға қудаланып келген халықтар санының ұзын-ырғасы 1,5 миллион адам болса, ал тың игеруге деген желеумен басқа республикалардан 1 млн. 300 мың адам көшіп келген. Осының бәрі ұлтаралық қатынастарда алауыздық туғызып, жергілікті жерлерде ұлт саясатының бағасын кұлдыратып жіберді. Сөйтіп, бұлар әлеуметтік торығушылық, енжарлық, әділетсіздікті сезіну т.б. секілді әлеуметтік-психологиялық салдарларға әкеп соқты.
Ұлттық сана-сезім және ұлттық сезім дегендер аса кінәмшіл де нәзік. Тіпті баска үлт өкілдерінің әзіл ретінде аңдаусыз айтқан бір ауыз сөзінің акыры да насырға шауып кетуі оп-оңай. Мысалы, Алматыдағы желтоқсан оқиғасына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған «қонаевшылдык»; КОКП ОК қаулысындағы «қазақ ұлтшылдығы» деген байбаламдар да қазақ халқының ұлттық сезімін жараламай қойған жоқ. Осы «қазақ ұлтшылдығы» деген сөз ешқандай негізсіз, бүкіл қазақ халқы үшін ар-намыска тиетін сөз. Мен мұны тек казақ халқының емес, бүкіл Қазақстан халқының намысына тиер сөз деп бағалар едім. Мұнымен шұғылданған комиссия болған жағдай жариялылык пен демократия салдары деген қорытындыға келді.