Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Кімнің мекені жақсы?
2. Пайдалы қазбалар
3. Лепті сөйлем


Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға әңгіменің негізгі идеясы, туған жерді сүю, қадірлеу екенін түсіндіре отырып ұғындыру.
2. Жаңа сөздер мен мақал - мәтелдердің мағынасын ашу арқылы сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Өз Отанына деген сүйіспеншілікке және оны қорғау әр адамның парызы екенін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас өзін - өзі тану мен әдебиеттік оқу ықпалдастырылған сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу т. б.
Сабақтың көрнекілігі: сабақ мазмұнына байланысты слайдтар, суреттер, видеоролик.
Сабақта қолданылатын технология: дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. ( Музыка әуені жіберіледі оқушылар көздерін жұмып тыңдайды)
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман, тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы -
Қазақтың кең байтақ даласы.
Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Саған ғана емес, сенің әке - шешеңе де, бабаларыңа да осы мекен құтты мекен болған.
Өз сезімдерімен бөлісу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Олай болса, балалар, өткен сабақта жақсы мекен, жайлы қоныс іздеген кейіпкерлеріміз нелер еді?
(тышқан, құмырсқа, бақа)
- Осы кейіпкерлеріміз жайлы қоныс іздеп жүріп, біздің сыныпқа да соғып кетуді жөн көріпті. Сіздерге алып келген тапсырмалары да бар екен.
1. Қалай ойлайсыңдар, көкқұтанның мекені бізге ұнады ма?(тышқан)
2. Балалар, бізге бозторғайдың мекені ұнады ма?(құмырсқа)
3. Біз әрі қарай қандай оқиғаға тап болдық?(бақа)
- Сонымен, бізге таныс үш кейіпкер жақсы мекен, жайлы қоныс тапты ма? Оны білмес бұрын денемізді сергітіп алайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мақал - мәтелдерді түсініп оқу.
● Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
● Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
Бақа көлінде патша,
● Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің алғашқы оқуы, түсіндіруі.
2. Өз бетінше оқу.
3. Тізбектеп оқу.
Оқушымен жұмыс.
1. Мәтіндегі соңғы сөйлемді дауыстап оқу.
Сұрақ - жауап.
- Балалар, сендердің мекендерің қайда?
- Ол туралы не білесіңдер?
- Сенің мекенің өзіңе ұнай ма?
Видеоролик. «Туған жерім – Ақтөбе!»

Шығармашылық тапсырма.
Дәптермен жұмыс. Өлең құрастыру.
Сүйікті туған ел,
Бауырыңда мөлдір көл.
Мақтауға тұрарлық,
Сүйкімді бар ма жер.
Өз туған жерің туралы әңгіме құрап айту.
ІV. Қорытындылау.
Туған жер туралы ой - қозғау. (сызба)
V. Үйге тапсырма.
Кімнің мекені жақсы?
VІ. Бағалау. Матрица әдісімен бағалау
Тыныштық сәті. ( Музыка әуені жіберіледі оқушылар көздерін жұмып тыңдайды)
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, туған жер туралы оқыған мақал - мәтелдеріңізді, даналық сөздеріңізді жүректеріміздің түбіне мәңгі сақтап қояйық...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама