Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бастауышым – балбұлағым!
Тақырыбы: «Бастауышым – балбұлағым!»
Алғы сөз:
Қош келіпсіздер, құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, сүйікті шәкірттер!
Бүгінгі күн - осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол - 4 жыл оқып, қанатын қатайтқан балапандарымыз қош айтысқалы отыр. Осы қуанышты да, қимас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат,- деген екен. Сол айтқандай мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «б» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін, міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Бұл күнге жай жете салмағанымызды ескерсек, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз аз болмаған шығар. Бір сәт елестетер болсақ мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап, «Әліппемен қоштасу», «Наурыз тойы», «Жаңа жыл!» т. б тәрбие сағаттары өтті.
- Ата - аналар! Балаларыңыздың алғашқы басқыштан өткен күні құтты болсын! Балаларыңыз тек сіздерді қуанта берсін!
Карина:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты:
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге.
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Қуат:
Армысыздар аталар мен аналар,
Ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап, оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
Айгерім:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Хор: «Бастауыш әні»
Әлия:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт басын саған иеді.
Самал:
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен......
Ұлықбек:
Сондай - ақ, біздің ыстығымызға күйіп суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Күнсұлу:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білімділікке, біліктілікке, адалдыққа, әділдікке көп нәрсеге баулыды. Сондықтан да ұстазымызға Мың алғыс!
Хор: «Ұстазды қалайша қиямыз»
Дулат:
Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп,
Жалындатып жанарымды нұр еткен.
Мейіріммен бізге жайған құшағың,
Қуат берді, көкке самғап ұшамын.
Өнегеңді өмірімде үлгі етіп,
Арманымды бір өзіңмен құшамын.
Жангүл:
Шуағы мол жаз күніндей қабағың,
Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң,
Балбырайды бал - бұл жанып жанарым.
Ұлағатты ұстазымсың, данамсың,
Адалдыққа баулыған сен анамсың.
Білгеніңді ұрпағыңмен бөліскен
Тұлғаң биік, дархан жүрек адамсың.
Сол үшін де аяулысың адамға,
Санамды ашып күн сыйлаған ғаламға.
Еңбегіңді қастерлейді бар адам,
Ұстаз атың ардақталып әманда.
Аян:
Ұстазым үйреттің де әріптерді,
Жаныма әліппеңіз жарық берді.
Оқыған өзіңізден ақын, ғалым,
Олардың үлгілі ісі - халық көркі.
Темірлан:
Жаныма шуақ құйдыңыз,
Құлпырып өстім өркендеп.
Армандап келем Абайша.
Өмірге кірпіш болсам деп.
Жадигер:
Мәпеледің, үйреттің,
Әсемдігін жер көктің
Шаршадың қанша шалдығып,
Аянбай бізге тер төктің.
Дана:
Ұстаз жолы ұлы жол,
Ұстазым менің - асқарым.
Біздерміз жазған дастаның:
Мөп мөлдір болсын аспаның.
Диана:
Желбіреген тұлымшағым,
Өзіңде өтті құлын шағым.
Алтын жүзді апатайым,
Сізді қалай ұмытайын.
Нұрсұлтан:
Ұстазым, алтын ұстазым,
Естідім, сізден құс сазын.
Көзімен көру бақыт қой,
Қыранның түлеп ұшқанын.
Хор: «Бүлдіршіндер ізбасарлар»
Сандуғаш:
Күттіңіз таңның атқанын,
Күттіңіз күнің шыққанын.
Өзіңізге ұқсап мен де ертең.
Мұғалім болам, ұстазым.
Қанат:
Бақытқа қолды серметтің,
Құдіретін көрдім жер - көктің
Қиналдым, қанша тер төктім,
Қадірін сездім еңбектің.
Ерболат:
Жығылсақ бізді сүйейсің,
Сүрінсек бізді демейсің.
Бәрімізді бөлмейсің,
Біздерге бақыт тілейсің.
Карина:
Мұғалімдей дананың,
Жаттап өстік сабағын.
Қанша есейіп кетсек те,
Есімізде ұмытылмай қаласың.
Қуат:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,
- Мәңгі, мәңгі, мәңгі, есімде қалады.
Карина:
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Абай атамыз айтқандай ата - баба жолын қуып, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Бұхар жырау т. б. қазақтың би - шешен, хандарының үлгілерін алып жүрген оқушыларды тыңдайық.
Дулат:
- Е, жырауым қазына кімде?- деп сұрапты Абылай.
Нұрсұлтан:
- Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсеңші,- дейді Бұхар жырау.
Дулат:
- Мен айтсам қазына байда, басқа кімде болушы еді?- депті Абылай.
Нұрсұлтан:
- Е, е, білмедің -, депті сонда Бұхар. Үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына – білімдінің басында,- дейді Бұқар.
Жангүл:
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне:
«Дүниеде не өлмейді?»- деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.
Ұлықбек:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.
Қуат:
Шыр көбелек билейтін,
Мақтануды сүймейтін
Биші десең қыздардан,
Сан бұралар табылар.

Би: «Әке толғауы»
Көңілді сабақтар.
Математика сабағы.
Бөлудің жаңа түрі.
Сегізді екіге бөлгенде неше болады?
- Тігінен бөлсек екі 3, ортан бөлігінен бөлсек екі 0
Қазақ тілі:
- Балалар, сөзді тасымалдағанда неге жалғыз әріптен тұратын буынды жеке қалдырып қоюға болмайды?
- Жалғыз қалса қорқады ғой.

Ерболат:
Білім алған өзіңнен.
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым.
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт, мұғалім.
Мұғалімдерге арнау:
Динара апайға:
Мұғалімдерді басқардың
Жауапты жұмыс атқардың
Бастық Динара апай боп
Санасында біздей жастардың
Өнер, білім, іздеген.
Ұланбыз ғой біз деген.
Сегіз жылдай әлде де
Бірге болсақ сізбенен.
Би: «Испан биі»
Жангүл:
Зухра апайға:
Талай біздің шырқалар әніміз,
Болмаса ән келер ме еді сәніміз
Деген бар ғой «ән көңілдің ажары»
Жүре беріңіз мектептің боп ажары
Әрқашан бола берсін жолыңыз.
Шаршамасын сырнай тартқан қолыңыз - деп Зухра апайға көп - көп рахмет айтамыз.
Ән: «Мектеп әні»
Әйгерім:
Меруерт апайға:
Осы тілді дейді ғой халықаралық
Жүрейік ана тілмен қатар алып
Әрине,
Мәртебелі қазақ тілі
Жаспыз ғой үйренейік аңғаралық
Оқушылар есінен шығара ма
Кім еңбек сіңіргенін бұл арада
Орысша үйретуден жалықпаған
Апайымыз Меруерт. Би: «Смуглянка»

Мектеп директоры: Амангелді ағайға:
Сіз басқарған мектебім
Бар баланың анасы
Көшті бастап барасыз
Беріп әділ бағасын.
К. В. Н Ер балалар.

Күнсұлу: Халима апайға:
Шынығып келеді денеміз
Әлде де дами береміз
Спортшыл болып шығармыз
Рахмет айтамыз Халима апайға
Шын жүректен біз

Би: «Жастар биі»
Гүлзипа апайға:
Шаршамастан сабақ берген
Бізді ұшырған қанат берген
Сізді есте сақтаймыз
Сеніміңізді ақтаймыз.

Ән: Аян «Аналарға мың алғыс»
Лениза апайға:
Білім берген саналы
Ұмытпаймыз апайды
Ұлағатты ұстаз боп
Шыға берсін атағы.

Би: «Барби»
Мектеп басшыларына, ата - аналарға сөз беру құттықтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама