- 05 нау. 2024 00:39
- 218
Бауыржан Момышұлының өз бейнесі, батырлық тұлғасы
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Б. Момышұлының өз бейнесі, батырлық тұлғасы «Батырдың биік тұлғасы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Б. Момышұлы «Қанмен жазылған кітап» романынан алынған үзіндіні оқи отырып, батырдың ерлік істерін насихаттау. Өз бетімен ізденіп оқуға, ойларын еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелігі: Батырдың биік тұлғасын, жеке образын талдата отырып елін сүюге, патриоттыққа үйрету.
Дамытушылығы: Үзіндідегі батыр бейнесін қосымша деректерден алынған үзінділер, әріптестерінің естеліктері арқылы толықтыру. Сабақты сахналық көрініс арқылы дамыту.
Сабақтың типі: Ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, сахналық көрініс көрсету,
«Топтастыру», «БҰҰ», «Бес жол өлең» стратегияларын қолдану.
Сабақтың құрал – жабдықтары мен
Көрнекіліктері: Б. Момышұлының суреті, интерактивті тақта, «Аңыз адам» 2011 №9 қараша
Пәнаралық байланыс: Ұлы Отан соғысы, тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын хабарлау, ерекшелігін түсіндіру, топтарға бөлу
ІІ. Өткен сабақтағы материалдарды еске түсіру
а). Б. Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» мазмұнын айту
ә). Ерлік, батырлық, қырағылық туралы мақал - мәтелдер жинақтау.
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Ерлік Батырлық Қырағылық
б). Әңгімедегі мақалдарды теріп жазу
ІІІ. Жаңа сабақ
- Оқушылар үйге берілген тапсырмаға дайындалып келген екенсіңдер. Бүгінгі сабағымызда сол сабақтың жалғасы, екінші сағаты. Тақырыбы: «Батырдың биік тұлғасы».
Эпиграф: «Батырым, Бауыржаным,» - дейді халқым
Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын,
Келешек келе жатыр көремін деп,
Тік басып туған жерде жүрген қалпын»
Қ. Аманжолов
- Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін батыр атамыздың өміріне жасалған хронологиялық кестеге назар аударайық,(интерактивті тақтадағы хрон. кестені таныстыру).
ІІ. «Бір үзік сыр». Ақын туралы естеліктерді, өлең жолдарын оқыттым.
ІІІ. Сахналық көрініс «Омыртқадағы оқ». Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романынан үзінді
Рольдерде:
Бауыржан –
Дәрігер –
Бауыржан: - Мен екі рет ауыр жарақаттанған адаммын. Бірақ екеуінде де саптан шыққан жоқпын. 1942 жылы полк командирі кезімде омыртқама оқ тиді. Санбатқа жеткенше есімді білген жоқпын. Есімді жисам етпетімнен жатыр екенмін. Жанымдағы дәрігер бірдеңе деп баж - бұж етіп жатыр.
Дәрігер:- Бұл кісіні дереу госпиталға жіберу керек
Бауыржан:- Сонша не боп қалды?
Дәрігер:- Омыртқаңызға оқ қадалып тұр, жолдас капитан. Сізді дереу госпиталға жеткізу керек. Сізді дереу госпиталға жеткізу керек.
Бауыржан: - Скальпелің бар ма?
Дәрігер:- Жоқ
Бауыржан: - Өткір бәкің бар ма?
Дәрігер:- Жоқ
Бауыржан:- Ұстараның жүзі бар ма?
Дәрігер: - Бар
Бауыржан:- Ендеше соны спиртпен шай да, ет тұрған жерді кес.
Дәрігер:- Олай етуге болмайды, жолдас капитан!
Бауыржан:- Болады! Бұйырамын! Орындамасаң – атамын!
(Дәрігер дереу айтқанын істеуге кіріседі)
Дәрігер:- Мінекей, жолдас капитан, оғыңыз!
Бауыржан:- Жарамды таңдырып алып, арқамнан алынған оқты мені санбатқа жеткізген Блоха деген жауынгерімнің қолына ұстата салып, жаумен ауыр жұмыс жүргізіп жатқан полкке қайтадан келдім. Бірнеше күн жаумен жағаласып, жан ұшырып жүргенде арқамдағы жараны ұмытып та кеттім. Ол бірде суланып, бірде қара қотырланып, бірде қыши түсіп, өзінен - өзі жазылып та кетті.
ІV. “Топтастыру» диаграммасы
Батыр бейнесін топтастыру
V. Оқулықпен жұмыс
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
Б. Момышұлы кім?
Оқулықтан тауып оқу
VI. Сабақты бекіту
БҰҰ стратегиясы
VII. Сабақты қорытындылау
«Бес жол өлең» әдісі
1. Зат есім(1сөз)
2. Сын есім(2 сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Тақырыпқа байланысты сөз
5. Бірінші сөзге синоним сөз.(Сөз таптарының ережесін сұрау).
VIII. Үйге тапсырма:
«Бейбіт өмірдегі батырлық» тақырыбына шығарма жазу
IX. Бағалау: