Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Білімді ұрпақ – ел болашағы
Жоспары.
I. Кіріспе
Білімді ұрпақ – ел болашағы.
II. Негізгі бөлім
1. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі.
2. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияны тиімді пайдалану үлгілері.
III. Қорытынды.
Жеке тұлғаны дамытудағы бағдарламаның ерекшеліктері мен нәтижелері.

«... Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында» ”
Н. Назарбаев

Кіріспе
“Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,-[1] демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс - әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім - білігін, оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі. Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп - өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс - тәсілдер жасалды. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
ХХІ ғасыр - жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден - бір мақсат - оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын, ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу.

II. Негізгі бөлім
Бүгінгі таңда басты мәселе де бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоғамның әрбір даму кезеңі ең алдымен сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды көздейтіні - ешқашан маңызын жоймайтын тарихи құбылыс.
Міне, қазіргі білім беруді дамыту, оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев[8, 9] сынды алаш арыстары сол кездің өзінде - ақ айтып кеткен.
Қазіргі таңда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми - әдістемелік тың ізденістерге сүйене отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет екендігін айтады.
Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық. коммуникациялық желілерге шығу - XXI ғасырдың басты талабы.
Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу - оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.[4]
Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді. Оқушылардың рухани - шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыруда, кешегі мен бүгінгіні салыстыра айта білудегі қабілеттерін шыңдауда пән мұғалімнің атқарар жүгі ауыр. Оқушылардың ой еркіндігін жетілдіру ғылыми шығармашылыққа баулу - білім беру ісін демократияландырудың негізі болып табылады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы - Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі “Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман”, -[1]деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз Елбасының Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді.“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,-[8] деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. Соның ішінде әдебиет сабағы – асыл өнер сабағы. Асыл сөз өнерін терең ой мен эмоция, сезімге беріліп, шабыттана қиялдау, елестету, болжау мен оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін өнер сабағы. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі күннің өзекті проблемасының байланыстыра өту – балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы. Оқыту - арнайы танымдық іс - әрекет.[4] Ол – негізгі ойдың, ақылдың жұмысы. Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Оқыту процесінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдық іс - әрекеттің маңыздылығын арттырады. Олай болса, «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім», –[8]дейді Ж. Аймауытов. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады. Бүгінгі таңда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы.[4] Әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқанда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту;
Мағынаны тану;
Ой толғау.
Білім беру жүйесін жетілдіруде әлем деңгейіндегі интерактивті технологияларды оқыту үрдісіне енгізе отырып, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру әр мұғалімнің басты мақсаты. Осы бағытта өзім қолданып жүрген жаңа технология «Оқу мен Жазу арқылы Сыни Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасымен жұмыс жасап, жақсы нәтижеге жеткен өз тәжірибеммен бөлісуді мақсат етіп отырмын. Мен өз тәжірибемде бұл жобамен танысып, оқып - үйрене бастағанда ең бірінші күнделікті сабақ жоспарын басқаша жазудан бастадым. Күнделікті сабақ жоспары үш бөлімнен тұрады:
І.. Қызығушылықты ояту.
ІІ. Мағынаны тану.
ІІІ. Толғаныс
Жалпы қызығушылық деген не? Қызығушылық - бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып - білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс - әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат - мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс - әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.[12, 482 бет] Сондықтан қызығушылықты ояту бөліміне үлкен мән беремін. Балалардың қызығушылығын оятып, психологиялық жағдай қалыптастыру үшін көптеген ойын түрлерін, тренингтер қолданамын. Ол ойындар жаңа сабақтың тақырыбымен ұштасып жатуы керек. «Сыни тұрғысынан ойлау» әдістерін сабақтың тақырыбына, мазмұнына байланысты саралап, бірнеше мәрте қолданып көргеннен кейін қорытынды жасауға болады.

Мысалы: 9 сынып Қазақ әдебиеті пәніндегі Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін Блум Таксономиясына негіздеп құрдым. Бұл әдіс бойынша сабақ мынадай топтарға бөлінеді. Білім, Түсіну, Қолдану, Талдау, Жинақтау, Бағалау. Сабағымның ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Тұлғаны таны» оқыта үйрету ойынын қолдандым. Ыбырай Алтынсарин суретін оқушыларға көрсетіп, бұл тұлға туралы не білетіндіктерін жазуға тапсырма бердім. Оның қандай өлеңдері мен еңбектерін білесіңдер? - деп сұрадым. Оқушылар: «Кел, балалар оқылық», «Өзен», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» - деп жауап берді.
Білім бөлімінде өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат бердім. Бұл үшін туған жылы мен өміріндегі елеулі оқиғалары, қайтқан жылының сандарын жазып көрсету. Қайда туғандығы жөнінде жаздыру. Түсіну бөлімінде алған білімдерін нақтылау үшін жұмысты үш топқа бөліп оқыттым.
I топ «Мені түсін» модульдік технологиясы бойынша мәтін мазмұнын ашатындай он сөз жазу керек болатын. Оқушылар: Қыпшақ Сейітқұл, отыз үйлі, кедей, байыту, Қабырға өзені, кетпен, егін, бай, жұрт ағасы, Сейітқұл елі,- деп жазды.
II топ «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша мәтіннен үзінді беріледі. Оқушы өз ой пікірін жазады, соған сәйкес мақал – мәтел жазу керек. Мысалы мына бір үзінді «Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырмен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды.»
Оқушы пікірі: Қыпшақ Сейітқұл әне бір қиын заманда, халқын қалай бай қылып, қазіргідей бозторғай жұмыртқалаған заманға жеткізсем деп ойлайды. Мақал – мәтел: «Ел барда - ер қор болмас, Ер барда - ел қор болмас"

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама