Береке - бірлікте, ырыс – ынтымақта
Тақырыбы: Береке - бірлікте, ырыс – ынтымақта
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, слайдтар
Тәрбиеші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта» атты тақырыптық оқу қызметімізді бастаймыз.
Әнұран
Тәрбиеші: Қазақтың «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деген қанатты сөзі татулық пен бауырластықтың айғағы секілді. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз осы қағиданы басты бағыт етіп ұстағандай. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Әлемдік тәжірибеде ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, береке - бірліктің қадір - қасиетін көрсетіп келе жатқан мемлекеттер көп емес. Міне, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан бүгінде әлем елдеріне үлгі - өнеге. Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.(слайд бойынша)
Ән: "Қазақстаным"
Тәрбиеші:
(Сұрақ - жауап арқылы)
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.
Қане балалар бәріміз экранға қарайық.
2 – слайд: Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру.
Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді.
Балалардың тақпақтары.
3 – слайд: Экраннан Елбасы құттықтауы мен Астана қаласы орталық алаңда өткізіліп жатқан шеруді тамашалау. (түсіндірме беру)
Ертең 1 мамыр мерекесі. Біздің де Қазалы халқы орталық алаңға осындай салтанатты шеруге шығады. Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді.
Балалар, ертең біз мерекеге барғанда қолымызға не ұстап шығуға болады деп ойлайсыңдар?
- Шар, жалауша.
- Дұрыс айтасыңдар, біз мерекеге шар, жалаушалар ұстап шығуымыз керек. Олай болса осы мерекеге арналған шарымыз бен жалаушаларымыздың суретін салайықшы.
- Жалауша қандай пішінге ұқсайды?
- Тіктөртбұрышқа
- Түсі қандай болады?
- Көк болады.
- Ал шар қандай пішінге ұқсайды?
- Домалақ, сопақша.
- Түстері қандай болады?
- Қызыл, көк, жасыл, т. б
Жарайсыңдар балалар, жалаушамыздың түсі көк, пішіні тіктөртбұрышты, ал шарларымыздың түстері әр түрлі, пішіндері домалақ, сопақша болады екен. Қане алдарыңдағы қағазға өздеріңе ұнайтын шар мен жалаушаның суретін салайық.(Балалар өз қалаулары бойынша ұнайтын суреттерін салады)
Дидактикалық ойын: «Қай ұлттың бас киімі?»
Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін тауып кигізу.
Балалар сендер достық, ынтымақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ұрыс, ырысты қашырар
Ынтымақ, халықты асырар.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын. Ал мен сендерге ертең 1 мамыр мерекесіне барғанда қолдарыңа ұстап баратын жалауша мен гүл берейін. Ертеңгі мерекеде әдемі болып жүріңдер.
Біздің достығымызды білдіретін «Достықпен» әнін айтайық.
Береке - бірлікте, ырыс – ынтымақта жүктеу