Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бес ағайынды

Ертеде көлдің жағалауында бір отбасы өмір сүріпті. Бұл отбасында бес ұл бала бар екен, олардың түрлері бір-біріне қатты ұқсайтын, тіпті, әке-шешесі де кейде ажырата алмай қалатын.

Бес ағайындылардың әрқайсысының ерекше қасиеті бар. Үлкен ағасы бір деммен бір көлдің суын жұтып алып, оны қайта құсып көлді қалпына келтіре алатын. Екінші ағасы оттан қорықпайтын, оны жалындап тұрған оттың ортасына лақтырып жіберсең де, еш жері күймей, аман шығатын. Үшінші ағасының аяғы адам айтса нанғысыз ұзындыққа ұзарады. Қаншалықты алыс жол болса да бір-ақ қадаммен аттап жете алатын. Төртіншісі болса, болаттан жасалғандай шымыр еді, оған қылыш та, балта да өтпейтін. Ал ең кішісі барлық жүгірген аң, ұшқан құстың тілің білетін. Орманның барлық жерінде оның достары бар еді.

Бес ағайынды бірінен бірі күшті, күнде ата-анасына көп істеуге көмектеседі. Үлкені балық аулайды, екіншісі тамақ пісіреді, үшіншісі мен төртіншісі шаруашылықпен айналысады, бесіншісі мал бағатын. Олардың отбасы өте бақытты өмір сүріп жатты.

Бір күні бес ағайындылар тұрып жатқан жерге бір айлакер шал патыша пайда болады. Ол әлемде жоқ дәмді тамақты жеп көргісі келеді. Ол қол астындағылардың барлығымен бірге аң аулауға шығады.

Кенже жігіт тауда мал бағып жүріп, шалдың бір ешкіні көздеп тұрғанын көріп, дереу ешкі тілінде: «Қаш», — деп айғай салады. Ешкі мұны ести сала таудан төмен қарай қаша жөнеледі.

Қасындағы ағаштың басындағы бір әдемі құсты шалдың көздеп тұрғанын көріп, тағы да кенже жігіт құстың тілінде: «Ұш, кет», — дейді. Құс ұша жөнеледі. Шал тағы да олжасыз қалады.

Осы уақытта орманнан бір кербез елік шығады, бесінші жігіт еліктің тілінде: «Бұл жерде аңшы бар, тезірек қаш», — дейді. Елік лезде қаша жөнеледі.

Осылайша ары-бері жүріп әбден шаршаған шал патыша, ешқандай жануарды ұстай алмайды. Ашуға булығып, қол астындағыларына Бесінші жігітті ұстап алып, арыстанға жегізуді бұйырады.

Бесінші жігіт аш арыстанның апанына кіреді. Ол арыстанның тілін ұғатындықтан қорықпайды. Ол арыстанға орман жануарларын қорғау үшін қолға түскенін айтады. Арыстан мұны естіп: «Сен расында да жануарлардың досысың, мен сені қалай болған күнде де жемеймін», — дейді.

Кенже жігіттің арыстанмен дос болып алғанын көріп, шал ашуланып қол астындағыларына оны абақтыға жабуды әмір етіп: «Ертең басын шабамыз», — дейді.

Інісінің басын кесейін деп жатқанын естіген төртінші жігіт түнде абақтыға келіп, інісін үйге қайтарады да өзі сол жерде қалып қояды. Себебі олардың түрлері өте ұқсас болатын.

Екінші күні таңертең төртінші ұлды басың кесу үшін алаңға алып келеді. Баскесер оншақты рет балтамен оның басын шапса да, оған түк болмайды. Төртінші ұл қайтақайта қарқ-қарқ күліп: «Қандай жақсы, балтамен қышыған жерімді қасыдыңдар-ғой», — дейді.

Шал мұны естіп ашуланады да: «Мұны таудан төмен лақтырып өлтіріңдер», — дейді.

Кешке ағайындылардың үшіншісі келіп, інісінің орнына отырады.

Таң атысымен шал өз адамын ертіп келіп, ағайындылардың үшіншісін таудан лақтырып жібереді. Сол сәтте үшінші ағайындының аяғы ұзарып, таудың етегіне бірақ түседі.

Шал ашуланып: «Сені өртеп жіберемін», — дейді.

Кезек енді оттан қорықпайтын ағайындыға жетеді.

Шал ешнәрседен хабары жоқ, үлкен от жағып ағайындылардың екіншісін отқа салады.

Біраз уақыт өткен соң, шал масаттанып күле бергенде ағайындылардың екіншісі оттан аман-есен шығып келе жатқанын көреді. Шал ойланып, оттан қорықпайтын адам міндетті түрде судан қорқады деп оны суға батырып өлтірмек болады.

Кезек ең үлкеніне де жетті. Екінші күні шал ағайындылардың үлкенін қайыққа отырғызып, көлдің ортасына алып келіп, суға лақтырып жібереді.

Ағайындылардың үлкені судың түбіне жетіп аспай-саспай суды ақырындап жұта бастайды. Аз уақыт ішінде көл суын ішіп қояды, сол кезде шалдың қайығы төңкеріліп қалады. Ағайындылардың үлкені жағада тұрып суды қайта құсады, көп ұзамай барлық зұлымдар суға батып өледі.

Бес ағайынды осылайша өздерінің ақыл-айлаларымен зұлым шалды жеңіп, қаһармандарға айналыпты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама