Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Айдаһар туралы түсінік

Қытай халқының аңыз-әңгімелері айдаһардың қатысуымен жасалады, ол аңызда ерекше ғажайып хайуан болып табылады. Оның түрі де, түсі де сан алуан болып бейнеленеді, тіпті ол қытай халқының күні ретінде де көрсетіледі. Ертедегі патшалардың бас киімінің белгісі, сонымен бірге мемелекеттің белгісі ретінде де қабылданған. Жиып айтқанда, айдаһар қытай халқының символы болып табылады. Қытай халқының ежелгі ата-бабасы Янди Хуаңди аңыз бойынша айдаһармен тығыз байланыста болып келеді.

Қытайдың ежелгі аңыздарындағы айдаһар ерекше ғажайып жануар ретінде суреттелген, айтар болсақ, оның басын түйенің басына ұқсатады, ал аузын аттың аузына ұқсатады, көзін қоянның көзіне ұқсатады, құлағын сиырдың құлағына ұқсатады, бауырын ұлудың бауырына ұқсатады, құйрығын жолбарыстың құйрығына ұқсатады, бүкіл денесі жыланға ұқсайды, мойны бұғының мойнына ұқсайды, денесіндегі түктерін қойдың жүніне ұқсатады, аяғы бүркіттің аяғына ұқсайды. Ол керек болса ұшады, су мен құрлықта да бірдей жүре береді. Ол қытай аңыздарында сан түрлі нәрсеге айнала береді, ол отқа, ағашқа, тасқа т.б. да айнала береді. Керек жерінде үлкейіп, керек жерінде кішірейе алады, кейде көзге көрінбей қалса, кейде анық көрінеді. Боранды тоқтатып, бұлтты айдайтын, жаңбыр жаудыра алатын ерекше қасиеттерін көрсетеді.

Феодалдық қоғамда айдаһар патша ретінде суреттелген. Мысалға, патшаның киген киімдері айдаһар түстес болған және айдаһар сияқты ұзын болған, сол кездегі орда мансаптыларында ұзын киінудің символы еді.

Айдаһардың формасына ұқсатып үй төбесін жапса, айдаһар формасында шамдар және арба, күймелер жасалған.

Айдаһар (long) фамилияға қолданылған.

Қытай жылнамасы бойынша айдаһар 12 жылдың бесінші орнында тұрады.翼 Батыстың санасында айдаһар қорқынышты жануар ретінде көрсетіледі. Жалпы, айдаһар қытай халқының символы болып саналады. Буддизмде айдаһар 8 бөлшектің бірі ретінде көрсетілген.

Қытайлар айдаһардың 8000 жылдың алдында Ляу Ниң өлкесінен ұзындығы қызыл-қоңыр түсті айдаһардың тас қалдығын тапқан


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама