НОК
- 03 нау. 2026 13:00
- 19
Бес бес мәрте әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы елге оралды
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін Астанаға оралды. Бұл туралы Tengri Sport хабарлайды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
19 жастағы спортшы үш бірдей қашықтықта және эстафеталық жарыста топ жарып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ, тағы бір жарыста күміс медаль иеленді. Көпсайыс қорытындысы бойынша ол алтын медальді қанжығалап, жасөспірімдер арасында бес дүркін әлем чемпионы атанды.
«Бұл сөзбен жеткізу мүмкін емес»
«Қазір көңіл-күйім тамаша! Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жеңіс тұғырында тұрып, Қазақстан туының көтерілгенін, гимніміздің шырқалғанын көру – ең ұмытылмас сәттердің бірі. Менде әлі Instagram парақшасы жоқ. Жақындарым мен туралы көп жазылып, пікірлерде қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Бұл да мені қатты әсер етті. Чемпионат алдында медаль алатыныма сенімді болдым. Бірақ 500 метр қашықтықта жүлдегерлер қатарына қосылатынымды күтпеген едім. Бұл жолы бәрі сәтті өтті», - деді спортшы.
Естеріңізге сала кетейік, Германиядағы турнирде Шумекованың алғашқы жеңісінен кейін марапаттау рәсімінде жағымсыз жағдай орын алды. Ұйымдастырушылар Қазақстанның 2006 жылдан бері қолданылмайтын ескі нұсқадағы гимнін қосып жіберген. Алайда, сол күні спортшы екінші алтынды жеңіп алғанда, қателік түзетіліп, Инцелль стадионында гимннің дұрыс нұсқасы бірнеше рет шырқалды. Шумековадан бөлек, Вадим Чебардаков елге алтын әкелді, ал команда жалпы медаль есебінде бірінші орын алды.