Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың кластары жөніндегі білімдерін жүйелеп, қорытындылау, өз бетімен жұмыс істей отырып, білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру. Тұлғаның танымдық қабілеттерін, яғни ынтасын, ойлауын арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, еңбекке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, схема, суреттер. тапсырма жазылған таратпа материалдар, жауап парақтары,“Бағалау” кестесі, флипчарттар, бейнебаяндар, семантикалық карта, периодтық жүйе.
Пәнаралық байланыс:биология, физика, математика, қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. I кезең – « Қайталау – білім анасы» ой қозғау
3. II кезең – «Сиқырлы гүл» ойыны
4. III кезең – « Химиялық эстафета»
5. IV кезең – «Химик сараман»
6. V кезең – « Деңгейлік тапсырма»
7. Химия және денсаулық
8. Бекіту кезеңі «Семантикалық карта»
9. Үйге тапсырма беру
10. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» дей отырып сабағымызды бастаймыз.
2. 1. «Қайталау – білім анасы» ой қозғау: Өткен тарауда бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қарастырғанда: оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздермен таныстық. Сондықтан осы бейорганикалық қосылыстарды еске түсіру, қайталау мақсатында оқушылардың білімдерін жүйелеу үшін әр түрлі бақылау жұмыстарын жүргізу. Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар құрамы, алынуы, жіктелуі, қолданылуы туралы қысқаша ой толғап тақтада берілген тапсырмаға қарап оқушыларға алдымен ой тастап, сұрақтар қоя отырып, мысалдар келтіре отырып ағашты гүлдендіру.
1. Оксидтер дегеніміз не? Жіктелуі.
2. Негіздер дегеніміз не? Жіктелуі
3. Тұздар дегеніміз не және қандай түрге жүктеледі?
4. Қышқылдар дегеніміз не?
5. Негіздік оксидтер дегеніміз не?
6. Қышқылдық оксидтер дегеніміз не?
7. Екідайлы оксидтер дегеніміз не?
8. Қышқылдар қандай түрге жіктеледі?
9. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп не түзеді?
10. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде не түзеді?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама