Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қышқылдардың жіктелуі, алыну, қолданылуы
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар жіктелуі, алынуы, қолданылуы, химиялық қасиеті.
Оқыту мақсаты:
Білімділік: Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта - қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бір - бірінің пікірін тыңдап құрметтеуге, баға беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: демонстрациялық сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті оқытудың кешенді әдісі
Көрнекілігі, қажетті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, «Актив студио» бағдарламасының кітапханасы қорынан суреттер, виртуалды зертхана қоры, тірек сызба слайды, құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон, сүт айран, сірке суы.
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті, экология, математика.

Сабақтың барысы:
♦ Ұйымдастыру кезеңі
♦ Графикалық тест
♦ Сергіту сәті
♦ Мағынаны тану
♦ Кім зерек?
♦ Химия барлық жерде
♦ Үйге тапсырма
♦ Бағалау
1 - кезең: «Графикалық тест». (үй тапсырмасын «Негіздер» тақырыбы тест бойынша тексерілді, оқушылар дұрыс жауап арқылы бірін - бірі тексеріп білімдерін бағалайды).
1. Негіздер үш топқа жіктеледі. (иә)
2. Оттекті, оттексіз. (жоқ)
3. Суда еритіндер – сілтілер. (иә)
4. Екі элементтің біреуі оттегі болып келетін қосылыстар. (жоқ)
5. Негіздер жай заттар. (жоқ)
6. Күйдіргіш қасиеті бар.(иә)
7. Сілтілер қышқылдармен әрекеттеседі. (иә)
8. Тұздармен әрекеттеседі (иә)
9. Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады – реакция алмасу (жоқ)
10. Негіздер - метал атомымен бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан күрделі заттар (иә)
2 - кезең «Мағынаны тану»
Қышқылдар дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат(жұмыс дәптерлеріне анықтаманы жаздыру).
Негізгі белгісі: қышқыл дәм және күйдіргіш.(Қышқылдар, оларды жіктеу, индикаторлардың әсері бейне баян арқылы түсіндіріледі).

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама