- 17 нау. 2016 00:00
- 202
Біле жүріңіз!
Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернатының
2 "б" сынып оқушысы: Елемес Аяна
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Альдешова Эльмира Балгабаевна
Біздің сыныбымызда математика пәнінен «Уақытты өлшеу. Секунд» тақырыбында ашық сабақ болып, онда уақыт өлшемдерінің кешегі күнде қалай қолданғанын жинақтау бізге тапсырылса, бүгінін сабақ барысында уақыт бірліктерін түрліше пайдалану арқылы, оның сағатпен және күнтізбемен өлшенетініне тағы бір көз жеткіздік.
Өзім жинақтаған кеше күннің тәулік бөліктеріне қалай бөлінетінін айтқым келеді.
Халық өлшемдері ұлт мәдениетінің қызықты салаларының бірі. Халық айтса, қалып айтпайды дегендей, қазақ халқының өлшемдері анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені, оны ата - бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып, сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Халық өлшемдерінің негізгі түрлері мыналар: салмақ өлшемі, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері. Халқымыз мерзім өлшемдерін былайша жіктеген: бір сәт, қас қағым , ә дегенше, бір секунд болса; сүт пісірім- 5-10 мин; бие сауым – 1,5 сағат; ет пісірім – 2-3 сағат; тоқсан – 3 айға баланған.
Ертеде сағат болмаған кезде 1 күннің төрт бөлігін қалайша болжаған екенін тыңдап көріңіз. Ертеде адамдар сағат пайда болмас бұрын, уақытты күнге қарап, әтештің шақырғанына қарап, тіпті есектің ақырғанына да қарап, ажырата білген. Қазақтар күнге қарап, уақытты былайша болжаған.Таңертеңгі күн шыққан уақыт – сәресі; күн тас төбеге келген кез – тал түс; түс қайтатын уақыт – бесін; күн байыр шақ – екінді; күн ұясына қонған кез – ақшам деп атаған.
Қолымыздағы саусақтарымыз, ондағы буын сандары арқылы да, жыл мезгілдері мен ай аттарын, олардың ұзындықтары мен күннің ұзақтығын білуге болады екен. Бір жылда он екі ай бар, төрт саусақтағы буын саны да он екі, әр саусақтың буын саны үш үштен, ол дегенің әр мезлілдегі үш айдан болады, олай болса, төрт саусақ жылдың төрт мезгілін білдіреді.
Сұқ саусақ көктем,
Ортаңғы саусақ жаз,
Аты жоқ саусақ күз,
Шынашақ қыс.