Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Білім беру реформасының авторлары халық алдында есеп береді

Білім беру реформасының авторлары халық алдында есеп береді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Президент біздің алдымызға барлық реформаларды халыққа түсіндіру туралы міндет жүктеді. Біз -реформалардың авторлары, мектептер мен балабақшалардың директорлары, оқытушылар, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары халық алдына шығып, қандай да бір өзгерістерді неліктен дұрыс деп санайтындықтарын түсіндіруі тиіс деп санаймыз», - деді министр.

Осы ретте ол білім беру саласы қызметкерлерінің ескертулері мен ұсыныстары «бос сөз» болып қалмайтындығын баса айтты.

«Сіздердің ұсыныстарыңыз бос сөз болып қалмайды. Олар іс-қимылдың жетекшісі болуы тиіс. Егер наразылық хаттар түсетін болса, онда қайда, қай жерде түзету қажеттігі көрсетілсе, біз бірден онымен жұмыс істеуге кірісеміз. Міндетті түрде айту, өзгерістерді ұсыну керек, өздерінің келіспейтіндігін білдіруі қажет. Бізге хат жазыңыздар, министрлікке келіңіздер. Бұл өте маңызды жұмыс», - деді Сағадиев.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама