Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Қызылорда қаласы,
№5 И. В. Панфилов атындағы мектеп - лицейі
Ағылшын тілі пән мұғалімі
Қарабатырова Ақерке Нұмсалықызы

Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Осы ретте ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады. Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақта мен электрондық оқулыққа тоқталар болсақ...

Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD - ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, Web - түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
 Пән бойынша базалық білімді меңгерту;
 Алған білімді жүйелеу;
 Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
 Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
 Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40 - 50% дейін арттырады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама