Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының
арасында өз ұлты үшін қызмет
қылатын болғандықтан, тәрбием,
баланы сол ұлт тәрбиесімен
тәрбие қылуға міндетті.
М. Жұмабаев.

Ата – бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы көшпейтіндей етіп, артына із қалдыруы көрегенділіктің көрінісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген – білгенін, тоқып – түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны - табиғи заңдылық. Адам бойында қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға болады. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы - Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын, стратегия, Президентіміз Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір Қазақстандықтың, әр отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды.
«Мәңгілік Ел - жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел!» деп елбасымыз нақты атап өтті. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән - мағынасын ұғындыру, баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез - құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді.
Қазіргі қоғамда бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір сүруімізбен шығыстық дүние танымдағы ұлттық мектебімізді құру. Қазақылық дүние танымның өзегі - адамшылдық. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс - қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен - жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт - дәстүрін, тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама