- 11 мам. 2018 00:00
- 293
Білім министрі тест тапсыра алмаған мұғалімдер жазаланбайтынына уәде етті
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыра алмаған мұғалімдерге ешқандай жазалау шаралары қолданылмайтынына уәде етті.
«Мамыр айында мұғалімдер ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруды бастайды. Егер де көпшілігі өздерінің біліктілігін дәлелдей алмаса, онда біз ешқандай жазалау шараларын қабылдамаймыз. Ережеге сәйкес, олар тест тапсырмаса, онда бұрынғы дәрежесімен және еңбекақысымен жұмысын жалғастырады. Мұғалімдерге қатысты ешқандай құқықтық салдар қарастырылмайды», - деді министр.
Сонымен қатар ол әкімдіктердің әлдебір квоталар енгізіп, мұғалімдерге жазалау шаралары қолданылатындығымен қорқытып жатқандағы туралы сыбыстар министрлікке жетіп жатқандығын айтты.
«Біз осындай қадамдарға бармауды өтінеміз. Мұғалімдерде ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындалуға қажетті уақыты болуы керек. Сонымен қатар педагогтар оны қашан тапсырса да өздері біледі. Сәйкесінше, ешқандай да мәжбүрлеу болмауы керек», - деді БҒМ басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, аталған тестілеуді тапсыруға өз еркімен 60 мың мұғалім жазылған. «Бұл өз кезегінде мұғалімдер өздерінің біліктілігіне сенімді екенін, өз пәнін жақсы білетінін білдіреді. Ол 26 мамырда басталып, бірнеше күнге созылады», - деді ол.
ҚазАқпарат