Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Білім - уақыт еншісінде (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарабұлақ орта мектебі ММ
География пәнінің мұғалімі
Тлегенова Аңсаған Бурхатқызы

Сабақтың тақырыбы: «Білім - уақыт еншісінде» атты зияткерлік сайыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Географиядан алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды отансүйгіштікке, бір - бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Қайырлы кеш, құрметті ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Білім - уақыт еншісінде» атты білімділік сайысымызға қош келдіңіздер! Уақыт - қашанда болмасын адам баласы үшін тығыз ұғым. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақыттың маңыздылығын сіздер сайыс барысында түсіне жатасыздар, олай болса білімдеріңізді уақытқа алдыра біліңіздер деген ниетпен сайысымызды бастаймыз.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді
Географияның сырына
Қатысушылар: 9, 10, 11 сынып оқушыларынан құралған топтар. (ұрандарымен)
Ойын бөлімдерімен таныс болыңыздар!

I. «Дүние жүзі елдеріне саяхат». Бұл бөлімде тулар бейнеленген 10 ұяшық бар. Ұяшықты таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы елді картадан көрсету. (4 мин)
Шарты: 3 топқа дайындалуға 2 минут, минут соққан соң топ мүшелері сөйлеспей, қорғаушы топты тыңдау керек. Тыңдамай шегерілген жағдайда ұпай шегеріледі.

Швейцарияпрезиденті /Дидье Буркхальтер/
Қырғызстан президенті /Алмазбек Атамбаев/
Ресей президенті /Владимир Путин/
Қытай президенті /Цзиньтао Ху/
Франция президент /Франсуа Олланд/
Италия президенті/Джорджо Наполитано/
Ұлыбритания президенті /Елизавета II/
Испания президенті /Мариано Рахой/
Өзбекстан президенті /Ислам Каримов/
Грузия президенті /Михаил Саакашвили/

ІІ. «Әлемнің жеті кереметі» (3 мин)
1. Египет астанасы - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар
оның биіктігі 147метрдей, біздің заманымыздан бұрынғы 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан екі - ақ метр аласа.
Оның басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол “Сфинкс” деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.
(Хеопс пирамидасы)

2. Әлемнің ендігі бір «кереметіне тоқталайық.. Ол Ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы - Вавилонда болған. Ал шындығында ол жаңа заманға дейінгі 6 ғасырда Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған.
Бұл патша өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерген жасанды алаң үстіне салдырды.
Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды жүздеген құл күні - түні айналдырып, Ефрат өзенінен су жеткізген. (Семирамида аспалы бағы)

3. Үшінші керемет.
Ол кілең мәрмәр тастан 120 жыл бойы салынып, жаңа заманға дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Бұл көз тартарлық әдемі салып, ішінде бағалы заттар мол болады. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді.
Біздің заманымызда бұрынғы 356ж. Герострат деген біреу атын шығармақ оймен ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға қонымсыз зиянкестіктің белгі - бейнесі болып мәңгілікке ел аузында қалады. (Артемиданыңғибадатханасы)

4. Грецияның оңтүстүгінде, Олимпиялық ойындардың орталығы Олимпиядағы ғибадатханадағы ежелгі гректердің сыйынатын жоғары пірі - Зевстің мүсін бейнесі болған. Олимпиа Зевстің бұл мүсінін бұдан 2 мың жылдай бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл - төртінші «керемет».
Биіктігі он төрт метрлік Зевс мүсіні піл сүйегі, қара емен, асыл тастармен әшекейленген алтын тақта отырғызылған. Басында осынау құдіретті тәңірдің рақымшылығын білдіретін зәйтүн ағашының өрілген бұтағына ұқсас алтын шеңбері болған. Мүсіннің басы, иығы, екі қолы, кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған. Зевстің сол жақ иығына жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан құйылған.
Фидий Зевске адамға тән кескін - кейіп берген. Оның бет бейнесінен сұстылықпен қатар мейірімділік те аңғарылатын болған. Мүсін енді болмаса жымия езу тартып, орнынан кең кеудесін кере түрегелетіндей әсер тудырған. (Зевс мүсіні)

5. Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы – Галикарнаста ﴾қазіргі Түркияның Бодрум қаласы﴿ бесінші «керемет» Мавсол патшаның мавзолейі болған. Оны біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі - патша ханым Артемисия салдырған.
Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр, бағаналармен тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнаған. Оның төбесі сүиірленіп келген. Мәрмәрден пирамида іспетті жасалған мавзолей төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мүсіндері болған ﴾ Мавсол мен оның әйелі Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мавзолейдің басқа да әшекейлері осы күнде Лондондағы Британ музейінде сақтаулы.﴿
Міне, «мавзолей» деген сөз Мавсол есімімен байланысты шыққан. (Галикарнас мавзолейі)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама