Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Білімді ел – мәңгі ел»
11 сынып
Сабақтың тақырыбы «Білімді ел – мәңгі ел»
Сабақтың
танымдық мақсаты 1. Оқушыларды отансүйгіштікке, білімділікке, еліміздің рәміздерін қорғап, сақтауға тәрбиелеу;
2. Ата заңымыз туралы мәліметтер беру;
3. Патриоттыққа тәрбиелеу.
Дереккөздер мен жабдықтар Мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер,
Графиктер, слайдтар, интерактивті тақта мүмкіндіктері, бейнеролик
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ - жауап. Жаңа әдіс - тәсілдер
Күтілетін нәтиже
1. Оқушыларды отансүйгіштікке, білімділікке, еліміздің рәміздерін қорғап, сақтауға тәрбиеленеді;
2. Ата заңымыз туралы мәліметтер алады;
3. 3. Патриоттыққа тәрбиеленеді.

Мотивациялық кезең 10 мин
1. Жағымды ахуал орнату: «Ғарышқа ұшу» тренингін жүргізу, сыныпта жағымды ахуал орнату:
2. Сыныпты топқа бөлу «Ғажайып суреттер»
«Білім», «Отан», «Ата заң», «Тәуелсіздік» топтары

1. Мұғалім түсіндірмесі:
Топтық жұмыс: Әр топ өз топтарының атауына байланысты өз ойларын ортаға салып, тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашуға үлес қосады, топпен бірлесе отырып постер салады.(сұрақты тапсыру, сөзін кез - келген тәсілмен талдауын ұсыну, постер салу, қорғауды және постерді бағалауды жеткізу)

Операциялық кезең 15 мин
1. Тапсырма:
Кезбе тілшінің сұрақтары
Тәрбие сағатымыздың тақырыбына байланысты сұрақтар қою
(жеке жұмыс, әр қатысушы тапсырманы өз еркімен орындайды, тапсырманы тыңдайды, талдайды, сұрақтарға жауап береді)

1. Мәңгілік ел деген ұғымды қалай түсінеміз?
2. Мен отанымның патриотымын!
3. Ата заңымыздың өміріміздегі орны!
4. Білім саласындағы енгізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» мәселесіне көзқарасыңыз қандай?

15 мин
1. Тапсырма: «Еркін тапсырма»
1. Қазақстанның болашағы балалар көзімен (сурет салу)
2. Мен қазақпын (өлең оқу)
3. Менің Қазақстаным (ән орындау)

Рефлексиялық кезең 5 мин
Қорытындылау кезеңі:
«Шаттық шеңбері»
«Менің еліме қосар үлесім» оқушылардың пікірін тыңдау.

Қазығұрт ауданы
Мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернатының
Физика пәні мұғалімі: Жолдыбаева Гульмира Оразалықызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама