Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Білуге құштармыз
Сабақтың тақырыбы: Білуге құштармыз
Сабақтың мақсаты: балалардың 3 - ке дейін санау дағдысын жетілдіру. Геометриялық пішіндер туралы түсінігін кенейту, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді көлеңкеден ажырата білуге үйрету. Берілген сұрақтарға толық жауап беру біліктілігін жетілдіру. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

- Балалар, сендер мультфильмдерді жақсы көресіңдер ме?
- Ең сүйікті мультфильмдерің қандай?
Ал енді, мен сендерді менің сүйікті мультфильмімді көруге шақырамын.
- Балалар, біздің ғажайып экранға қараңдаршы. Бұл "Маша мен аю"мультфильміндегі Маша ғой!
- Сәлеметсің бе, Маша, қалың қалай? Маша мен аюға қонаққа барамын, балалар сендер менімен бірге барғыларың келе ме? Мен аюға арнап жемістерден тосап дайындауым керек, сендер маған көмектесесіңдер ме?
- Балалар, келісесіңдер ме?
- Ал, балалар, сендердің аналарың тосап дайындаған кезде қандай жемістерді пайдаланады, еске түсірейкші
- Машаға да сондай тәтті жемістер қажет. Машина тосап жасауға қанша жеміс қажет екен? Санап, көмектесейік:
(Слайд бойынша жемістерді санап, 1 - ден 3 - ке дейінгі сандарды қайталау)

- Балалар, мен сендерге бір құпияны айтайын ба? Сендер білесіңдер ме? Тосап дәмді, әрі ұзақ сақталуы үшін тосапқа көбірек қант қосылады.
- Қазір сендермен қант туралы түсінігімізді кенейту үшін тосапқа көбірек қант қосылады
- Қазір сендермен қант туралы түсінігімізді кенейту үшін, қантқа іс жүзінде тәжірибе жасап көрелік
- Балалар, қант қандай? Қанттың пішіні қандай?
- Ал біз қантты өзіміздің ұлттық тағамдарымыздың бірі - құртпен салыстырып көрейік.
- Құрт қандай пішінді, қант қандай пішінді?
- Олардың дәмі қандай? Татып көрейікші

- Ал енді қызық тәжірибе жасап көрейік. Стакандағы суға құртты және қантты саламыз өзгеріс болды?
"Маша мен аю"мультфильмінен үзінді
- Балалар, мына қызыққа қараңдар. Машаның әзірлеген тосабына аралар ұшып келіпті. Араларды үйшікке кіргізіп, Машаны тыныштандырайық.
- Аралар тұратын үйшік қалай аталады?

Сергіту сәті.
Омарта жоқ арада.
Ызылдайды жындана.
Үй салайық балалар,
Жүрсін ара мақтана.

Тапсырма: Геометриялық пішіндер көлеңкесінен жасалған омартаны тиісті пішіндермен жауып, омарта жасау.
- Балалар, араның омартасы қандай пішіндерден құрастырылды? Ал енді, Машаның жасаған омартасын көрейік.
- Омарта қандай түспен жасалған?
- Қандай геометриялық пішіндер қолданған?
- Жарайсыңдар, балалар!! Ал енді, біз Машамен бірге "Айырмашылығын тап"ойынын ойнаймыз.
- Бұл Машаның ең сүйікті суреттері, бірақ бұл суреттер бір - біріне ұқсай ма екен? Біз бұл суреттердегі айырмашылықты тауып көрейік.
- Аю - аю, балалар маған, сен үшін тосап әзірлеуге көмектесті. Бүлдіршіндер, сендерге рақмет! Сау болыңдар!.

Қорытындылау.
- Балалар, біз бүгін не үйрендік?
- Қандай жақсы іс жасадық? Балаларды мадақтау. Күтілетін нәтиже: Ұғынады 1 - ден 3 - ке дейін санауды, геометриялық пішіндерді көлеңкесінен ажыратуды, қанттың ерігіш қасиетін. Жаңғыртады: сандық санау арқылы цифрларды атау. Қолданады: геометриялық пішіндерді көлеңке арқылы сәйкестендіреді. Қант құрамына тәжірибе жасайды, заттардың айырмашылығын ажыратады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама