- 10 қаң. 2020 00:00
- 202
Бір жеріңді тіліп кетеді
Мәдениент төңкерісі тұсында бір топ белсенді бір үйде тінте жөнеліпті. Әлгі үйде еркек жоқ болса керек, белсенділер үйдің астаң-кестеңін шығарыпты. Олардың ішіндегі бойы аласалау, тықылдақ біреуі үйдің әйеліне кіжініп: «Тығып қойған мылтық, жамбыларыңды әкел, әйтпесе күреске тартамыз», — деп тепектепті. Өтірік сөзге шыдамаған әйел әлгі тықылдақты алып соғып астына басып алыпты. Астында жатып тыпырлаған әлгі тықылдақ: «Ей, қатын, тұр, қолымда әйнектің сынығы бар, бір жеріңді тіліп кетеді», — деген екен.