- 10 қаң. 2020 00:00
- 210
Тағасын алып қайту
Шағыбан үй тауда мал бағып жүргенде, бурыл аты жоғалып кетеді де, іздеп жүріп Көктоғай ауданына қарасты бір малшы отбасының қасында тұрған жерінен тауып алады. Аяғында аттың жаңадан тағаланған тағасының жоқтығын көріп, әлгі үйге тағасын сұрай барғанда, отбасы әйелі жақтырмаған сыңай байқатады. Сонда Шағыбан:
— Жоғалған атым бурыл-ды,
Тағасы неден сурылды.
Тағасын сұрай келгенде,
Апшыңыз неге қурылды, —
деп әзіл айтып, тағасын алып қайтқан екен.