Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бір таңбалы санға көбейту мен бөлу
Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы,
Т. Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисекеева Гаухар Зейноллаевна

Тақырыбы: Білімді тиянақтау
Мақсаты: Бір таңбалы санға көбейту мен бөлу тақырыбын қайталап, оқушылардың білімдерін тиянақтау. Мәтінді есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың зейін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап қабілеттерін шыңдау. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жолдастық көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, ұялы телефон ойыншығы, тірек сызбалар, парақшылар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Әдісі: сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың түрі: аукцион сабағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Күліп шықты күн бүгін.

2. Сабақтың ережесі түсіндірілді.
Олардың білімдері саудаға түседі, яғни сендерге тапсырма беріледі. Әр тапсырманың бағасы 1 - 5 ұпай беріледі. Сендер топпен ақылдасып сатып алып, орындайды. Қай топ көп орындаса, сол топ жеңімпаз аталады. Топ басшылары жинаған ұпайларын жазып отырады.
Ау, оқушылар қараңдар,
Менде түрлі есеп бар.
Тектен - текке бермеймін
Біліміңді тергеймін

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Әр топ мүшелері 1, 2, 3 дегенде ұпай саны жазылған сандардың біреуін көтереді.
Қай топтың саны үлкен сол топ бірінші жауап береді.
1 - слайд

ІІІ. Жаңа сабақ
2 - аукционға түсетін зат: Қарындаш
1. Ауызша тапсырма 2 - слайд
Ф 160: 2
Е 56: 8
О 150: 3
Я 25: 5
Т 81: 9
л 54: 9
Л 120: 3
Ұ 180: 9
Н 24: 8
Ы 32: 4
Е 63: 7

20 5 40 8 9 7 6 9 80 50 3
ұ я л ы т е л е ф о н

3 - слайд 3 - аукционға түсетін зат: Қалам
6 3<7>
3 9=9 3
12: 3<12:>
27: 3<>
18: 3<18:>
24: 3<12 -="">

2. Оқулықпен жұмыс 4 - аукционға түсетін зат: Дәптер
а) Үй - 9қабат?
Әр қабатта – 3 пәтер
Шешуі: 9∙3=27 (п)
Жауабы: 27 пәтер.
ә) Әр қайсысында – 3 шам
Барлығы – 12 шам
Шамдал -?
Шешуі: 12: 3 4(ш)
Жауабы: 4 шамдал.
б) Қайық – 3
Ескекші – 18
Әр қайықта нешеу -?
Шешуі: 18: 3 6 (е)
Жауабы: 6 ескекшіден

Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп оседі.

3. Геометриялық фигураны салу. 4 - слайд
5 - аукционға түсетін зат: өшіргіш
Р 3см + 3см + 3см + 3см
Р 12см 3 см
Р 3см 4
Р 12 см

4. Енді логикалық ойын есептерін шығарайық. 5 - слайд
6 - аукционға түсетін зат: Ертегі кітап
1). 100 сомың болғанша, 100 досың болсын.
2). 1 - еудің сөзі әдемі,
1 - еудің көзі әдемі.
3). 100 - ден 1 - еу шешен,
100 - ден 1 - еу көсем.
4). Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті.
5). Егіс даласында 30 қарға қонып отыр, фермер оның 4 - еуін атып өлтірді. Далада неше қарға қалды? (4)

Үй жұмысы: №7. 8 көбейту кестесін жаттау
Қорытынды: Топтардың жинаған ұпайларын санын анықтау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалауы. Жеңімпаз топқа ұялы телефон ойыншығы беріледі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама