Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Біріккен сөздер
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Біріккен сөздер
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Жалпы мақсаты:
1. Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
2. Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім.
Сабақтың әдісі: түсіндіру; сұрақ - жауап; шығармашылық т. б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Ынтымақтастық атмосферасы
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау
Шығармашылық тапсырма.
1 тапсырма. Екі жай сөйлемге айналдыр.
1 деңгей.
Айдос пен Жомарт - ағалы - інілі. (Айдос - ағасы, Жомарт - інісі).
2 деңгей. Бірыңғай мүшені қос сөзге айналдыру.
Айнұр - үлгілі, өнегелі оқушы. (Айнұрдың ісінен үлгі - өнеге алуға болады).
3 деңгей.
«Қысы - жазы» қос сөзіне сөйлем құрау. Бірыңғай мүшелі сөйлемге айналдыру.

Қызығушылықты ояту Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Шығармашылық жұмыс. 1. Аңдардың аттары: (ақбөкен, тауешкі, жолбарыс) 2. Құстардың аттары: (аққу, көкқұтан, жарғанат, күркетауық, қараторғай) 3. Жәндіктердің аттары: (сарышұнақ, тасбақа, қарақұрт, көртышқан, қосаяқ) 4. Балықтардың аттары: (көксерке, есектұмсық, алабұға, қызылқанат)

Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс
Ауызша орындау. Тақтадан көрсету.
Көкжиек – жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістікті көкжиек деп атайды.
Бұзаубас – қоңыз, құрттың аты.
Жетіқарақшы – жұлдыз.
Сарыағаш – демалыс орны.
Ақсақал – ата, қарт адам.
Ақтас – тастың түрі.
Алтыбақан – Наурыз тойында тігілетін ұлттық
Бірқазан – құс.

Мұғалім: Бабышева Б.
Біріккен сөздер жүктеу
Біріккен сөздер слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама