madeniportal.kz
- 18 ақп. 2026 08:30
- 17
Блогер: Ораза кезінде су ішпеу инсульт пен инфаркт қаупін арттырады
Блогер Ахметбек Нұрсила ораза кезінде су ішпеудің денсаулыққа қауіпті салдары туралы айтып, қоғамда қызу пікірталас тудырды. Оның айтуынша, жаздың аптап ыстығында сусыздық қанның қоюлануына, салдарынан инсульт пен инфаркт қаупінің артуына әкелуі мүмкін.
Денсаулыққа қауіпті салдарлар
«Жаздың күні ораза кезінде адамдар шыбынша қырылады. Ауруына ауру жамап алады. Қаның қоюланып, холестерин жиналады. Инсульт, инфаркт алу қаупі 100 есе артады. Өйткені, қанның 90 пайызы су. Су ішпегеннен кейін термен бірге шығып, қан одан сайын қоюланады», – деп мәлімдеді Нұрсила.
Ұсыныстар мен қоғам реакциясы
Блогер имамдарға оразаны су ішіп ұстауға рұқсат беруді немесе толықтай ашығуға мүмкіндік беруді ұсынды. «Су ішіп ашығуға рұқсат берсе, солай істеңіздер. Ал сусыз ашығуға рұқсат берсе, одан бас тартқан дұрыс. Сусыз өмір жоқ», – деп қорытындылады ол.
Ахметбек Нұрсиланың бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға айналды. Көпшілік оның сөзімен келіспей, бұрынғы біліміне сай емес салаға араласып кеткенін сынға алды. Желі қолданушылары «Шілденің ыстығында да ораза ұстадық, ешкім қырылған жоқ», «Араб елдерінде жыл бойы ыстық, бірақ ешкім қырылмайды ғой» деп пікір білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.