Болашақ мамандығыңыз қандай?
Бүгінгі күні көп оқушылар мамандық таңдай алмай, бас қатырып жүр. Бүгін болашақ жасөспірімдерге, мамандығын сеніммен таңдаған Тойшыбек Назирамен сұқбаттасуды жөн көрдім.
- Аты-жөнім Тойшыбек Назира. Қазіргі таңда 10 сынып оқушысымын. 15 жастамын.
- Қазіргі таңда қандай мамандық таңдап отырсыз?
- Мен жалпы медицина саласын таңдадым. Медицина мамандығын таңдап, адамдарға жарық өмір сыйласам деймін. Медицина саласы қазіргі күні сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Ақ халатты абзал жандар болмаса, еліміздің азаматтарын қалай емдейміз? Сол себепті медицина саласын әлемдік деңгейге дейін дамытсам, одан асқан арманым жоқ. Қазақстан жерінде медицина саласын дамытып, өз үлесімді жоғары деңгейде қоссам деймін.
- Жалпы медицина саласының бағытынан, қай мамандыққа бет бұрдыңыз?
- Мен жалпы медицина саласының ішінен кардиохирургия мамандығын нық сеніммен таңдап отырмын. Болашақта осы мамандықты шын көңіліммен оқып, отандық медицина саласына өз үлесімді қосқым келеді. Неге кардиохирургия? Өйткені, жүрек адам ағзасындағы басты органдардың бірі, адамның ішкі ағзаларын емдеп жазатын да адам қажет. Егер жүрек емделмесе, адамзат баласының жағдайы ауыр халде болады.
- Кардиохирургия саласы бойынша қандай университетке түскіңіз келеді?
- Мемлекетіміз бойынша медицина саласын оқытатын Жоо-лар көп, соның ішіндегі менің таңдауым, "Қазақ ұлттық медициналық университеті Асфендияров". Мұндағы білім сапасы өте жоғары, медицина саласының қара шаңырағы болып табылады. Сіздерге айтарым, университет таңдағанда оның білім сапасын, жатаханасын, шет елдермен байланысын, студенттерге қарастырылған жағдайлар т. б. , қатты мән беріп таңдау қажетті. Асфендияров университеті, менің таңдауыма және талаптарыма 100% сай келеді.
- Болашақ түлектер мен жасөспірімдерге, өзіңіздің мамандық таңдауда қандай кеңесіңізді бересіз?
- Адам өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек, бірі өмірлік жар, екіншісі мамандық. Мамандықты көпшілік жастар ата-анасының қалауымен таңдап, оқуға құлшынысы жоғалып, іштей өкініш пайда болады. Мамандық таңдарда жастарға берер кеңесім, өз ұшқынын табу, яғни, өзінің қай салаға биім екенін, қандай мамандықты сүйетінін білуі керек. Бірақ бір мамандықпен өмір сүре беруге болмайды адам қажып кетеді, жан-жақты болу қажет. Себебі, бір диплом өмір бойына азық деген ұстаным өзгерді. Білім алуды ешқашан тоқтатпау қажет. Мысалы, шет тілін үйренгенің бұл сенің жұмыстағы орныңның жоғарылауына көмек береді, кәсібің алға басады, сол сияқты басқада кішігірім көздерден білім ала беру қажет.
- Кардиохурургия саласын бітіріп, шет елде жұмыс атқаруға көз қарасыңыз қалай?
- Әрине, бұл ұсыныс өте жақсы. Дегенмен мен өз еліме пайдам тисе деймін. Өз халқымызға өзіміздің жанымыз ашып көмектепесек, өзгенің жаны аши қоймайтыны анық. Бірақ шетелде оқып біліктілігіңді арттыруға менің көз қарасым жақсы. Мысалы, "Болашақ" бағдарламасы жастар шет елге барып толық білім алып келеді де, өз мемлекетінде жұмыс жасайды. Ал барлық жағдайын мемлекет өзі жасап береді. Бұл керемет емес пе? Мемлекет жастарға жасаған ең керемет мүмкіндік деп, тануға болады. Шет елде жасаған жұмыста жақсы шығар, бірақ өз еліңнің жерұйығыңда жасаған жұмысқа, ешбір құн жетпейді
- Кардиохирургия мамандығы Қазақстан елінде сұранысқа ие ме?, өз пікіріңізді айтсаңыз.
- Әрине сұранысқа ие, мамандықтардың бірі. Жасыда, кәрісіде жүрегін емдетемін деп шетел асып, қаншама шығынға ұшырап жатыр. Бұл саланы дамытып, өз үлесімді қосуда аянып қалмаймын! Өз елімізде де медицинаның жақсы дамығандығын халыққа дәлелдеп, көрсету қажет. Сонда ғана шетел аспай, өз елімізде емделетін болады.
- Назира бүгінгі сұқбатыңызға рахмет. Алға қойған арман мен мақсаттарыңызға жетіп, биіктерден көріне беріңіз. Грант иегері атануға сәттілік тілеймін!