Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады.

Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.

Еске сала кетсек, Ақордада Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

«Болашақ» стипендиатының мүліктік кепілі жұмыс беруші келісімшартымен алмастырылуы мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари осылай мәлім еткен еді.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына арналған квотаның барлық түрі алынып тасталады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама