Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қорқыт (ІІІ нұсқа)

Жаналғыш Қорқыттың жанын алмақшы болып, өкшелей қуып қоймайды. Сонда Қорқыт тағы да бір амалын келтіріп, өзінен аумайтын қырық сурет салады да, қырық бірінші болып қатарына өзі отыра қалады.

Сонан зәрін шашып, қаһарын төгіп, Қорқыттың жанын алмаққа Жаналғыш жетіп келеді ғой. Келсе, қаздай тізіліп бір-бірінен айнымайтын қырық бір Қорқыт отыр дейді. Жаналғыш әрі қарап, бері қарап қайсысының Қорқыт екенін айыра алмай амалы таусылады.

Жаналғыш шын түйіліп келген бір жолғы қаһарынан Қорқыт осылай құтылып еді дейді. осыдан кейін бұрынғыдан да жабырқап, қара қобызынан мұңды қоңыр күйлерді азыната төгетін болады. Қорқыттың қоңыр күйлерінің тартылу мәнісі осы болса керек.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама