- 10 қаң. 2020 00:00
- 226
Болмашы кемшілік
Қызға сөйлесіп жүрген жігіт қыздың үйіне барып, некелену талабын қойыпты. Қыздың әкесі онан:
— Не қызмет істейсің? — деп сұрапты.
Жігіт:
— Мен шалқыған баймын, қалада ірі зауыттарым мен сәулетті қора-жайларым бар. Жаңа тұрпатты машиналарым да бар, теңіз жағасында ауласы гүл-бақшамен көмкерілген бір саяжайым бар, — деп судыратып келе жатқанда, қыздың әкесі сөзін бөліп:
— Жарайды, бұларды енді доғара тұр, қандай кемшілігіңіз бар? — деп сұрапты.
Жігіт күмілжіп:
— Болмашы ғана кемшілігім бар... кейде өтірік айтып қоямын, — деген екен.