- 10 қаң. 2020 00:00
- 252
Қожанасырдың бәсеке айтысуы
Бір көпірмеші кісі Қожанасырмен бәсеке айтысуға келіпті.
Қожанасыр оны елемегендей рай білдіріп:
— Неменеге келдің, шырағым? — депті.
— Адам атадан жеті мүшел үлкенмін, неше жас екенін де білмеймін, — депті. Мұны естіген Қожанасыр өкіріп жылай беріпті.
— Е, неге жылайсың? — депті ол.
— Жыламай қайтейін, сол сен туған жылы үйлі-жайлы, балалы-шағалы болып қалған кенже ұлым өлген еді. Соны еске түсіріп жібердің ғой,
— депті Қожанасыр.