- 06 нау. 2020 00:00
- 163
Боқаш қу әңгімесі
Боқаш қу болған. Оны Якия ата көрген екен. Руы — қошқаралы. Боқаштың балалары бар екен. Олар «Жыңғылды» совхозында тұратын болатын. Балаларының аты: Жорабек, Әлі.
Боқаш қу бір күні қыз жаңа келін болып түскен ауылға келіп қоныпты. Қуаңды, шыбын, сона көп екен.
«Маған сол жерге төсек салып берді. Мен шыбын, сона шаққан соң көйлегімді шешіп, қасыма қойдым. Түнде сол ауылдың сиыры бос екен, ол келіп көйлегімді жеп жатыр екен. Тұрдым да сиырдың аузында көйлегімді көрдім де, құйрығына жабыстым. Сиыр сүйрей жөнеді. Бір құдық қасына барғанда сиыр да әккі екен, мені құдыққа түсіріп жіберді.
Таңертең жас келін суға келеді. Кейін судың ішіндегі мені көрді. Шығармақшы болып жібін тастап еді, мені ауырлық етіп, келіншек те менің қасыма суға түсіп кетті. Кейін ауылы келіншекті іздесе жоқ. Менің төсегімді көрсе, орнымда жоқпын. Сонан «Құдай ұрды, Боқаш қу келіншекпен кеткен» деп екеуімізді іздейді.
Қараса, құдық ішінде екеуіміз тізіліп тұрмыз. Көре сала бізді шығарып мені «ал, ұр». «Сен келіншекпен неге түстің?» деп тағы ұрды. Келіншек айтса, тыңдар емес.
— Бар ма? — деді маған.
Мен:
— Бар, — дедім.
— Ол кім? — деп сұрады.
Мен болсам:
— Сиыр, — деймін. Барлық оқиғаны айттым.
Маған:
— Сиырды танисың ба? — деді.
Мен болсам:
— Шырамытамын, — дедім.
— Сен келіншекпен таныс болмасаң, құдыққа келер ме едің? — деп тыр жалаңаш етіме тағы ұрды. Әйтеуір, өлдім дегенде сиырды да таптым. Сиырды сойғызып, ішінен көйлегім шығып қуандым. Сөйтіп, келіншектен әзер құтылдым-ау, екінші рет жас келін аулына қонбайтын боламын», — депті.