Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Боранқұлдың шаруашылығы
Тақырыбы: Боранқұлдың шаруашылығы

Зерттеудің мақсаты:
Боранқұл ауылының әлеуметтік – экономикалық географиясына сипаттама беру, шаруашылық түрлерін анықтай отырып, ауыл шаруашылығына, өнеркәсібіне жеке тоқталу, оның ауыл экономикасына тигізер әсерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
 Ауыл шаруашылығы;
 Мал шаруашылығы;
 Өнеркәсібі;
Зерттеудің нәтижелері:
Ауылдың экономикасына үлесін қосып отырған ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы және өнеркәсібіне тоқталады.
Шешім:
Боранқұлдың ауыл шаруашылығын, өнеркәсібін зерттей отырып, ауыл халқының тұрмыс – тіршілігінің жақсаруына, ауыл экономикасының дамуына, өлкетану курстары бойынша жұмысты қолдану туралы шешім.

Боранқұл — Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауыл, Боранқұл ауылдық округінің орталығы, темір жол станциясы.
Географиялық орналасуы: аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік - батысқа қарай 108 км жерде, Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік - шығысында шөлді белдемде орналасқан. (Қосымша 1)
Халқы:
5700 адам (1997);
4913 адам (2406 ер және 2507 әйел адам) (1999);
6310 адам (3116 ер және 3194 әйел адам) (2009);
7335 адам (2016).
Боранқұл селолық округі бойынша 2016 жылы 197 сәби дүниеге келіп, тұрғындар саны 7335 жетті. 40 жас отау шаңырақ көтеріп, отбасы саны 1280 - ді құрады. Мектеп жасындағы балалар саны – 1824, мектепке дейінгі балалар саны – 1038, балабақшадағы бала саны – 301, зейнеткерлер саны – м424, оның ішінде 1 – еуі Ұлы Отан соғысы ардагері, оған теңестірілгендері – 2, ауған соғысының ардагерлері – 4, тылда еңбек еткендері – 10, мүгедектер саны – 142 адам.

Тарихы. Іргесі 1948 жылы осы маңда мұнай кенін іздеуге байланысты қаланған. Алғашында “Опорный” деп аталған. Бұрынғы “Қарақұм” қой кеңшары негізінде өндірістік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы: ауылда тұрмыс қажетін өтеу мекемесі, үш орта мектеп, аурухана бар. Боранқұл арқылы Орта Азия — Орынбор газ құбыры, Өзен — Самара мұнай құбыры және Қоңырат — Құлсары су құбырлары өтеді.

Ауыл шаруашылығы: селода 27 шаруа қожалықтары бар. Село аумағындағы шаруа қожалықтары мен жеке үй шаруашылықтарында 898 бас сиыр, 17454 бас қой, ешкі, 421 бас жылқы, 1918 бас түйе бар.

Елеулі істер ел игілігінде
Боранқұлдың тағы бір ерекшелігін айтсақ, тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда жұмыссыздық жайлаған талай ауылдар секілді іргесі сетінемеді. Тұрғындары ешқайда қоныс аудармады. Халық табиғи өсіммен көбейді, құтты, берекелі ауыл өсіп өркендей түсті. Айта кетсек бұл ауылда тоқсаныншы жылдардың басында бес мыңдай тұрғын болса, қазіргі күнде халық саны сегіз мыңға жуықтаған. Бұрыннан теміржолы арқылы ауылдан бірнеше пойыздар өтетін болса, кейіннен «Атырау - Ақтау» тас жолы тартылып, барыс - келістің мүмкіндігі молая түсті. Ел тәуелсіздігі жарияланған тоқсаныншы жылдардың басында Боранқұлда «ҚазақТүрікМұнай» ЖШС құрылды, «Бекболат» кенорнынан Бейнеудің тұңғыш мұнайы пайдалануға берілді. Жаңа ғасыр басталар тұста Сазтөбе - Елемес - Боранқұл мұнай құбыры, «Қазақтүрікмұнай» кәсіпорнының мұнай әзірлеу қондырғысы іске қосылды. «Толқыннефтегаз» АҚ өзі өндірген алғашқы мұнайын сата бастады. Өндіріс өркендей түсіп, «Толқыннефтегаз», «Казполмұнай», «КАСКо» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері де осында құрылды. Ауданның өз аумағында шығатын газды пайдалану нәтижесінде аудан тарихында тұңғыш рет энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу барысындағы игіліктер де осы Боранқұл ауылынан бастау алған еді.

Тәулігіне 22 млрд. текше метр газ айдайтын «Опорный» компрессорлық станциясының №4 цехы пайдалануға берілген сәтке де куә болып, Боранқұлда жүзеге асқан талай игілікті істерді жазып, газетке жариялағаны да күні кеше сияқты еді.

Жарығы жанып, жылуы жүріп тұрған ауылда жарасымды тірлік жалғаса түсті. Тек өндіріс саласы ғана емес, ауылда әлеуметтік игіліктер де жүзеге асып, жаңа емхана, «Боранқұл» орта мектебі, селолық клуб, Боранқұл балабақшасы жаңадан салынып, пайдалануға берілді. «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталық ашылды. Кәсіпкерлік дами түсті, қаладағы мейрамханалардан бір кем емес «Үш ағайын» секілді тойхана, кафе, басқа да қызмет көрсететін орындар, «Боранқұлгаз» серіктестігінің газ құю станциясы сияқты кәсіпкерлік нысандардың құрылыстары бірінен соң бірі бой түзеді. Соның бірі «Керуен сарай» кемпингі.

Ауыл көшелерін абаттандыру мақсатында да бірқатар жұмыстар жүргізіліп, жаяу жүргінші жолдары салынды. Ауылда қазіргі күнде үш орта мектеп, үш балабақша бар. Биыл 20 шаруа қожалығының басын құрайтын «Қарақұм» кооперативі құрылды. Сонымен бірге «Ойл Констракшн Компания» серіктестігі ауыл ішілік газ құбырларын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын бастап кеткен.

Еділдің суы есігінің алдына барады
Ауыл тұрғындары осыған дейін ауыз суды ауласындағы құдыққа құйдырып, тасып ішіп отырса, енді Еділдің суы әр үйдің есігінің алдына баратын болады. Мұндай болады деп кім ойлаған, Боранқұлда су тазарту станциясының құрылысы басталды. Су тазарту станциясының құрылысы үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 250 млн. теңге бөлінген. Биыл су сақтайтын екі мың тонналық резервуардың екеуін, мың тонналық біреуін және екі су айдайтын құрылғы құрылыстарын салу көзделіп, бөлінген қаржының 200 млн. теңгесін игеру қарастырылыпты. Ал, келесі жылы ауылдағы үйлерге су баратын құбырларды тарту жоспарлануда. Бұл үлкен игілікті істі жүзеге асыратын «Шебер құрылыс» ЖШС. Жұмысқа жергілікті тұрғындар да кірісіп жатыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама