Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бозайғыр (І нұсқа)

Бұл күйді ертеде «Алатау асқан боз тарлан» деп те шерткен екен бабаларымыз, — дейді Бағаналы ақсақал. Тұлғасы кесек жануар бір топ жылқымен бірге жоғалады. Жыл уағына дейін іздеу салынып, табылмаған айғырды «қолды болдыға» жорып қояды. Сонымен жыл уағынан асқанда ел жайлауға қонып жайғасқан күндердің бірінде, биенің екі сауымынан кейін алыстан бір боз жылқы құйындатып келе жатады. Желі басынан көз тіккен жылқы иесі: «Я, пірім-ау! Мынау не жылқы болды екен? Тұлғасы тым кесек қой», — деп тамашалап тұрады. Сөйтс әлгі көзден ғайып, көңілден ұмыт бола бастаған Бозайғыр болып шығады. Бозайғыр кісінеп кеп, жер тартып желі басына көлденең тұра қалады. Жал-құйрықтан айрылған, көк шолақ болып өзгерген. Басында ноқтаның жұрнағы ғана қалған. Көзінен қанды жас парлайды жануардың. «Құрулаған» иесі де жылап көріседі.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама