Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Бозінген (І нұсқа)

Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге түнерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды.

Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап береді. Осы қуғын ішінде қыр асып қана жайылып тұрған бозінген де кетеді.

Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен жетекте бара жатып, өзінің артта қалған ақ ботасын қимай зар илеп боздап, тостағандай жанарынан жас сорғалайды.

Осылайша зар илеп бара жатқан бозінген бір қолдан босай қалған орайда сытылып кейініне қашады. Қуғыншылар қанша қуғанымен жете алмай, ақыры күдер үзеді.

Неше күндік жолды зар еңіреп ботасына жеткен інгеннің сүлдері қалған екен. Сонда боздап тұрған бота да інгеннің алдынан жүгіріп табысады.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама