Photo: Junior Camargo (https://www.pexels.com/@junior-camargo-3617518) / Pexels
- 10 мам. 2026 22:01
- 20
Бразилияда танымал блогер төрт баласының көзінше атылды
Бразилияда 26 жастағы блогер Памела Гимарайнс өз үйінің маңында қарулы шабуыл салдарынан қаза тапты. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бейтаныс адам әйелдің үйіне келіп, оны сыртқа шақырған. Памела қақпаға қарай беттегенде, күдікті оған оқ жаудырған. Қайғылы оқиға кезінде блогердің төрт баласы да жанында болған.
Ауыр жарақат алған Памела ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін арашалай алмады.
Блогердің танымалдылығы
Памела Гимарайнс әлеуметтік желілерде күнделікті өмірі, сән әлемі және ана болу тақырыбындағы контентімен көпшілікке танымал болған. Оның кенжесі бірнеше ай бұрын ғана туған.
Блогердің парақшасындағы соңғы жазбаларының бірінде: "Егер сен маған мың рет мұқтаж болсаң – мен мың рет қасыңнан табыламын..." деген сөздер жазылған.
Қазір полиция қылмыскерді іздестіріп, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.