Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бүгін Жезқазған маңына «Союз МС-19» ғарыш кемесінің экипажы қонады

2022 жылдың 30 наурызында Роскосмос ғарышкерлері Антон Шкаплеров пен Петр Дубров, сондай-ақ NASA астронавты Марк Ванде Хай мінген «Союз МС-19» басқарылатын ғарыш кемесінің экипажы Жерге оралады.

«Союз МС-19» кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясы ресейлік сегментінің «Рассвет» модулі Мәскеу уақытымен 10:21-де ажыратылады деп жоспарлануда.

«Союз МС-19» кемесінің түсірілетін аппараты сағат 14:28-ге қонады деп жоспарланған. Ол Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтыққа түседі, делінген Роскосмостың Telegram-дағы парақшасында.

«Союз МС-19» басқарылатын кемесінің экипажы Антон Шкаплеров ХҒС-та жарты жыл, ал Петр Дубров пен Марк Ванде Хай 1 жылдай жұмыс жасап, Халықаралық ғарыш станциясында рекорд орнатты.

Белгілі болғанбай, аппараттың ажыратылып және қонып жатқан сәтін тікелей эфирден көруге болады.

Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі таңда ХҒС-та Ресей, АҚШ және Еуропа елдерінен 10 ғарышкер жұмыс істеп жатыр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама