Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін! (бастауышпен қоштасу)
Бастауышпен қоштасу
Тақырыбы: Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсің!
Мақсаты:
1. Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру.
2. Білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
3. Білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілік: нақыл сөздер, мақал мәтелдер, шар, слайдтар

Өтілу барысы:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсің!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй - тәй басып аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, әріп таныған, бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр.
«Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар» деген тілекпен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.

1. Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз ол күледі.
Әлнұр біздің әрқашан,
Күлімсіреп жүреді.

2. Би билейді талмайды,
Әсем әнін арнайды.
Біздің нәзік Ақбөбекті,
Барлық бала тыңдайды.

3. Үндемей бәрін тындырған
Сыныптың салмақты қызысың
Жымиып күлген күлкісі
Мерей тұйық мінезі - ай

4. Ертеңгі күнін ойлайтын,
Бес алам деп қалмайтын.
Аршыл біздің Жандәулет
Жалқаулыққа бармайтын.

5 Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Арайлымды сыныпта,
Ізетті деп біледі.

6. Барлық істе алда жүретін
Ән, айтып, биде билейтін
Сыныптың белсенді аруы
Әсел өнерлі қызымыз

7. Жыр оқып тарихын ол танытқан,
Кітап оқып білімін де дамытқан.
Дархан - сыныбымыздың озаты,
Білімін ол болаттай ғып қорытқан.

8. Әсем деген қызымыз
Қатысқан талай сайысқа
Тамылжытып ән айтып
Жеткен талай табысқа.

9. Біліміменен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан сынып та.
Манас біздің өнегелі, өнерлі,
Арасында достарының беделді.

10. Іс келгенде алдына
Жан салмайтын қызымыз
Ер мінезді, көрікті
Фарида біздің ержүрек.

11. Өзі ұялшақ үндемес
Мінезіне ешкім тең келмес
Үндемес қыз Нұрай
Сыныпта ешкім тең келмес.

12. Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырып жанын.
Іңкәр біздің қайтпай үйге
Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

13. Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған.
Сабырлы біздің Меруерт,
Ұқыптылыққа бойлаған.

14. Өнер қуған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Аяжан
Табылар дос қасынан.
Хормен:
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз,
14 - іміз.
Күлімдейміз,
Бір бақшаның
гүліндейміз.
Хор: «Мектеп вальсі» әні

1 - жүргізуші: Ақбөбек
Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.

2 - жүргізуші: Дархан
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1 - жүргізуші: Ақбөбек
Бүгін біз бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама