Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
"Құнды мұра, асыл қазына" (Шешенге қойылатын талаптар)
Қазақ тілі 11 сыныбы
Сабақтың тақырыбы: "Құнды мұра, асыл қазына" (презентациясымен)
(Шешенге қойылатын талаптар)

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Халқымыздың асыл қазынасы - шешендік өнер. Ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен шешендеріміздің құнды мұраларын, шешендік сөз өнерінің “өнер падишасы” саналатындығын, шешеннің шалқар шабыт пен шалқыған сыр және сезімінен туатын даналық ой, көркем сөз өрілімдерін талдау. Қазақтың әйгілі де айбарлы би - шешендерінің ділмарлығын, шыншылдығы мен жинақылығын айқындай отырып, сөз астарының мән - мағынасын ашқызу, мазмұнын меңгерту, құрылысын таныту.

ә) дамытушылығы: оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып, талдай білулерін жетілдіре отырып, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, оқылған жайға көзқарасын анық жеткізу дағдыларын, мәнерлеп оқу шеберлігін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

б) тәрбиелігі: кемеңгер шешендердің – үлгі насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті ту етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету; халықтық мұра – шешендік сөздерді және халықтық салт - дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. Шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім мен іс - әрекет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО элементтері, сатылай кешенді талдау, ой қозғау, баяндау, жарыссөз, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері, М. Әуезов “Абай жолы” кітабы, видео, мультимедиа...
Пәнаралық байланыс: Халықтық педагогика. Қазақстан тарихы. Қазақ әдебиеті. Әдептану. Саз өнері.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушыларды түгендеу, құралдарын тексеру
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
1."Атаның сөзі - ақылдың кені"би - шешендердің өнегелі сөздерін жадымызда жаттап, олардың айтпақ ой ұшқырлығын дәлелдеу.

2". Шешенге қойылатын талаптар" туралы санамалап айтып, оны дәлелдеу.
Бүгінгі сабақтың эпиграфы:
Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.

1. Оқулықпен жұмыс. 23 - тапсырма. Шарты: Мәтін мазмұнына түсінік бере отырып, кейіпкерлерді талдау. М. Әуезов "Абай жолы"романынан үзінді.
ВЕНН диаграммасы бойынша Құнанбай мен Абай бейнесін талдау, кейіпкерді сомдау.
Құнанбай:
1. Абайдың әкесі, ауылнай, болыс басқарушы адам, жасы үлкен.
3. Қатал.
4. Өзімшіл.
5. Жаңалыққа жаны қас.
Абай:
1. Құнанбайдың бәйбішесі Ұлжаннан туған баласы, жасы кіші.
2. Мінезі жұмсақ, ашық жарқын.
3. Мейірімді.
4. Көпшіл.
5. Жаңаша ойлайды.
Екі кейіпкерге тән ортақ қасиеттер:
1. Ділмар, ой ұшқырлығы өте кең.
2. Тапқырлығы басым.
3. Шыншыл, әрі өжет.
4. Мәселенің анықтылығын айқындап тұр.
5. Сөздерінде жинақылық бар.
6. Аңғарымпаздық қасиеттер зор.
Сатылай кешенді фонетикалық талдау/бір сөзге
Ділмар
1. Бұл сөз айтылу, жазылу, жасалу жолдарына қарай - аралас буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып араласып келіп тұр.
2. Бұл сөз діл - мар болып екі буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар. Екі буын да бітеу буын. Себебі, буындар дауыссыз дыбыстардан басталып, дауыссыз дыбыстарға аяқталып тұр.
3. Бұл сөз діл - мар/болып бір жағдайда тасымалданады.
4. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны тұрақты. Сөздің"мар"соңғы буынындағы"а"дауысты дыбысқа түседі.
5. Сөзде буын үндестігі жоқ.
6. Сөзде дыбыс үндестігі жоқ.
Әдебиет теориясы бойынша тапсырмалар орындау. Эпопея (грек сөзі) – бүкіл бір дәуірді кең көлемде қамтып бейнелеп суреттейтін сан - саналы эпикалық шығарма. Мысалы: Қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін қамтып бейнелеп суреттеген көркем туынды М. Әуезовтың “Абай жолы” роман – эпопеясы. Теңеу – затты немесе құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы: Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды.
Эпитет –(грексөзі)- заттың, не құбылыстың ерекшелігін, сыр - сипатын, қасиетін айқындайтын бейнелі сөз. Мысалы: ақ қар, көк мұзда қар төсеніп, мұз жастанып, етегін төсек, жеңін жастық қылуға шыдаған жылқышы ғана баға алады.

2. Шығармашылық жұмыс."Қазыбектің Қалмақ ханына үш рет елші жіберуі"тақырыбындағы шешендік сөзінен сюжет көрсету.
... Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жұмыр басты, екі аяқты адамымның өзін қайыр, төрт аяқты айдынды бозымның көзін қайыр. Ерім үшін құн алмай өлісемін, бозымның көзі жоқ болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте тапап аламын, дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін құн алмай, өлісемін дегеніңді жөн делік. Ал, бозыңның төлеуін екі есе қып аламын дегеніңе жол болсын - депті...

Сабақты бекіту. Қазіргі кезде шешендік өнерге, шешендерге деген баға қандай және олардың бойында шешенге қойылатын талаптар сақталған ба? Қазақтың ұлттық өнері, халық ауыз әдебиетінің көп тараған түрлерінің бірі - айтыс. Қазақстан ұлттық арнасынан"Кіл жүйрікте, кім жүйрік","Нұр Отан" партиясының қолдауымен өткен айтыста Айнұр Тұрсынбаева мен Жандарбек Бұлғақовтың айтысынан үзінді тыңдап, талдау жұмыстарын жүргізу. /Экраннан айтыс өнерін тамашалау.

Қорытындылау. 1. Бүгінгі сабағымызда кім қандай әсер алды және не ұқтық? 2. Шешен бойындағы талаптар кез келген адам бойында бола ма? 3. Қазіргі кезде қандай бағдарламаларда кімді(жүргізуші) шешен деуге болады?
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі - қару, әрі - қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз” Н. Ә. Назарбаев

Үйге тапсырма:"Шынайы шешен - жарқын тұлға"ойтолғау жазу.
Оқушы білімін бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама