Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Буын және тасымал
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Буын және тасымал
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: кеспе қағаздар, текше,
Жалпы мақсаттар: 1. Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
2. Буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту.
3. Сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Топқа бөлу: Үлестірмелі парақшалар, суреттер

Ынтымақтастық атмосферасы «Қара жорға» биі
Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді
Үй тапсырмасын сұрау
Дәптердегі жаттығуларды тексеру.
Қызығушылықты ояту Арайлап шықты жаңа күн
Шуағын шашып баршаға
Кәне досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде
Сыныпта жақсы көңіл - күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару

Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Әр топқа жаттығуларды топтап беру.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
1 - топқа тапсырма
Оқушыларды назарын суретке аудару. Оқу құралдарының аттарын атау. Заттардың атын буынға бөліп жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу. Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау.
Кі - тап, дәп - тер, қа - лам - сап, сыз - ғыш, ө - шір - гіш, қа - рын - даш.

Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты екенін пысықтау.
Буын карточкаларымен жұмыс.
Оқушыларға
Сөзді буынға бөлгізу. О - қу - шы - лар - дың (5 буын), 5 - буынды сөз 4 жолмен тасымалданады, бірақ біз осы сөзді 4 жолмен тасымалдай аламыз ба?
Тасымалдау жолын көрсету
1. Оқу - шылардың
2. Оқушы – лардың
3. Оқушылар - дың (жалғыз әріптен тұратын буын тасымалданбайды)
Сергіту сәті
«Адасқан әріптер» ойыны. Берілген әріптерден Қазақстан қалаларын құрап, буынға бөлу
Буын және тасымал. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама