Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Бұрынғы әкім, пара алды деген күдікке іліккен шенеунік Конаевта гольф-клуб салып жатыр

Алматы облысының Конаев қаласында ірі гольф-клуб салынатыны белгілі болды. Жобаны «Dream Asia Group» компаниясы жүзеге асырады. Инвестиция көлемі – 18 миллиард теңге.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоба иелері кімдер?

Компанияның екі иесі бар: Ким Енг Нам және Бағдат Манзоров. Ким Енг Нам туралы ақпарат аз болғанымен, Бағдат Манзоров бұған дейін БАҚ-та бірнеше рет қозғалған қылмыстық істерге байланысты аты аталып жүрген.

Бағдат Манзоровтың бұрынғы қызметтері мен істері

Манзоров мансабын бапкер болып бастап, кейін «Сауда үйі «Шаған» ЖШС-ін басқарған. Ол Алматы облысының Көксу ауданы әкімінің орынбасары және әкімі қызметтерін атқарған. 2008-2017 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болды. 2019-2020 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2019 жылдың қыркүйек айында Манзоров пара алды деген күдікпен ұсталды. Алайда, сол жылдың қазан айында қылмыстық іс қозғауға негіз болмағандықтан тоқтатылды. Кейіннен оның жұмысына оралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл шешімді қайта қарауды талап еткенімен, оның өтініші қанағаттандырылмады.

2022 жылы БАҚ Манзоровқа қатысты «Алаяқ» бабы бойынша жаңа қылмыстық іс тіркелгені туралы хабарлады. Алайда, сотқа дейінгі тергеу тіркелмеген.

2023 жылы бизнесмен қалалық мәслихат депутаты болуға ниет білдіргенімен, Алматы қаласының №2 бір мандатты округі бойынша сайлау комиссиясы оның кандидатурасын тіркеу туралы шешімін бұзды. Себебі, салық декларациясында сәйкессіздіктер анықталған.

Бұған дейін «Курсив» Қазақстандағы гольф-клубтардың иелері және оларға қанша қаражат салынғаны туралы жазған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама