f.azh.kz
- 17 нау. 2026 16:30
- 24
Бұрынғы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың бас бостандығы шектелді
Атырау қаласының №2 сотында бұрынғы әкім орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімінің орындалуын кейінге қалдыру мерзімінің аяқталуына байланысты мәселе қаралды. Бұған дейін оған кішкентай баласының болуына байланысты үш жылға мерзім берілген болатын.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пробация қызметінің мәліметінше, Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзбаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған және бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындаған. Осы жағдайларды ескере отырып, сот оның өтінімін қанағаттандырды. Жазаның өтелмеген бөлігі 7 жылға бас бостандығын шектеу және сол мерзімге пробациялық бақылаумен ауыстырылды.
Бұрынғы үкім
2022 жылдың 15 қарашасында дәл осы сот Хаменованы Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша – пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындаған еді. Алайда, кішкентай баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі үш жылға кейінге қалдырылған болатын.
Параның мөлшері
Іс материалдары бойынша, бұл Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату жобасын жүзеге асыру кезінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алу фактісіне қатысты болған. Сот мүлікті тәркілеу туралы да шешім шығарған. Хаменова кінәсін мойындамады және үкімге шағымданды, бірақ ол өзгеріссіз қалды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде оның мерекелік іс-шарада түсірілген видеосы тараған болатын. Бас прокуратура бұл жағдайда ешқандай заң бұзушылық болмағанын, оның пробация қызметінен рұқсат алғанын түсіндірді.
-
В Шымкенте задержана женщина, которая продавала несуществующие iPhone 17 Pro Max по подозрительно низкой цене, обманув нескольких граждан.