Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Билайн орталығында (сюжетті-рөлдік ойын)
Мақсаты: Балаларға рөлдерді өз беттерімен бөлуді және өзіне бөлінген рөл бойынша әрекет етуді үйрету. Ойын барысында әлеуметтік болмысты көрсету, қоғамдық орындардағы мінез құлық ережелерін, қызметтестер арасындағы этиканы бекіту, сөйлеу этикетінің дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмысқа кірісуге және сол жұмыс барысында өзіне ұнайтын жағдайларды табуға үйрету, тапсырманың орындалуының сапасын бағалауға үйрету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.
Атрибуттар: Ұялы телефондар, компьютерлер, бланкілер, қызметкерлерге арналған бейдждер, терминал

Сабақтың барысы:
Психологиялық тренинг
- Балалар, бізде бүгін ерекше күн, қонақтар келіп отыр. Кәне, бәріміз орнымыздан тұрып келген қонақтармен сәлемдесіп алайық!
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой,
Ал, кәнекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
(Телефон шырылдайды)
- Балалар, ненің даусы шығып жатыр?
- Телефон.
- Қандай телефонның даусы ұялы телефон ба, әлде үй телефоны ма?
- Ұялы телефон.
- Телефон адамға қажет пе?
- Ия, өте қажет.
- Не үшін қажет?
- Хабар алуға, хабар беруге, қал жағдай сұрау үшін қажет.
- Өте жақсы, балалар!

Мынау ұялы телефон. Мынау телефонның экраны, мынау пернетақта, бұнда сандар мен әріптер жазылған, мынау суретке түсіретін камерасы, телефонның артын ашсақ батарейкасы бар, оны қуат көзі таусылғанда тоққа тығып қуат көзін толтырып аламыз, мынау ұялы байланыс картасы. Ұялы байланыс картасының бірнеше түрлері бар. Олар билайн, актив, kcell, dalacom т. б түрлері өте көп.
Билайн ұялы байланысы өте ыңғайлы, тиімді байланыс. Билайн байланыстарын сататын жерді «Билайн орталығы» деп атаймыз. Онда әртүрлі телефондар, нөмірлер, телефон салғыштар да сатады.
- Балалар, «Билайн орталығына» барғыларың келе ме?
- Ия
- Ендеше «Билайн орталығында» сюжеттік - рөлді ойынын ойнап жіберейік.
Абонент: Сәлеметсіз бе?!
Менеджер: Сәлеметсіз бе?! Билайн орталығына қош келдіңіздер! Қандай көмек керек?
А: Мен телефон сатып алайын деп едім.
М: Қандай телефон керек?
А: Нокио телефоны керек еді, қандай түрлері бар?
М: Қараңыз әртүрлі түрлері бар.
А: Мына телефон қанша теңге тұрады?
М: Он мың теңге.
А: Жақсы, маған мына телефонды беріңізші.
М: (Телефонды береді) Мынау телефонның паспорты.
А: Телефон салғыштар бар ма?
М: Бар, қараңыз, әртүрлі түрлері бар.
А: Қанша теңге тұрады?
М: Бес жүз теңге
А: Маған беріңізші, мынау ақшасы, санап алыңыз.
М: Жақсы, дұрыс, мынау сізге сыйлық «Билайн орталығынан» брелок.
А: Рахмет, енді маған нөмір керек.
М: Екінші үстелге барыңыз
А: Жақсы, рахмет, сау болыңыз!
М: Сізге де рахмет, игілігіңізге қолданыңыз!
А: Сәлеметсіз бе?!
М: Сәлеметсіз бе?! Қандай көмек керек?
А: Маған нөмір керек еді телефоныма
М: Жақсы, міне қарап таңдаңыз.
А: Мына нөмірді алам
М: Жақсы, нөміріңізді тіркеп алайын, куәлігіңізді беріңіз
(Куәлік береді)
Нөмір екі жүз теңге тұрады, ішінде екі жүз бірлігі бар.
А: Жақсы, рахмет, сау болыңыз!
М: Сау болыңыз, келіп тұрыңыз!
А: Сәлеметсіз бе?!
Т. қ: Сәлеметсіз бе?!
Т. қ. Нөміріңізді тересіз, қанша бірлік салайын деп тұрсыз?
А: Бес жүз
Т. қ: Бес жүз санын тересіз, ақшаңызды мынаған салыңыз
Енді тексеріп алыңыз, нөміріңіз дұрыс па?
А: дұрыс
Т. қ: Салынды чегіңізді алыңыз.
А: Көп - көп рахмет, сау болыңыз
Т. қ: Сізге де рахмет! Сау болыңыз, келіп тұрыңыз, біз әрқашанда көмек беруге дайынбыз!

Шеберхана
Жөндетуші: Сәлеметсіз бе?!
Жөндеуші: Сәлеметсіз бе?! Қандай көмек керек?
Жөндетуші: Менің телефоным бұзылып қалып еді, жөндеп бересіз бе?
Жөндеуші: Кәне, бірінші тексеріп жіберейін. Күте тұрыңыз, жөндеп берейін.
Жөндетуші: Жақсы, күте тұрайын.
Жөндеуші: Міне, телефоныңызды жөндеп болдым.
Жөндетуші: Рахмет, қызметіңіз қанша?
Жөндеуші: Мың теңге
Жөндетуші: Алыңыз, рахмет
Жөндеуші: Сізге де рахмет, сау болыңыз!

Қорытынды:
- Балалар, біз қандай сюжетті - рөлдік ойын ойнадық?
-«Билайн орталығы» сюжетті - рөлдік ойынын ойнадық.
- Ұнады ма?
- Ия, ұнады.
- Өте жақсы, балалар! Енді өздерің «Билайн орталығына» барып, сауда жасап, ондағы қызметкерлермен сөйлесе аламыз ба?
- Ия
- Ендеше, өте жақсы.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама