Билер болған ел билеген
Тақырыбы: Билер болған ел билеген
Сабақтың мақсаты: білімділік - кең жазира қазақ даласының атақты билері туралы мағлұмат беру, ұлылардың өмірі және ерлік істерімен танысу, ел қамын ойлап, «туған жер» - деп өткен билер туралы сыр шерту.
дамытушылық - оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой - өрісін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
тәрбиелік - болашақ ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, елжандылыққа, ұлы билердің өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, ерлікке, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікірталас сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің портреттерімен, ақыл да дана сөздері жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
- Қазақстан Республикасының әнұранын орындау
- оқушылармен сәлемдесу
- кезекшімен сұхбат, оқушылардың зейінің сабаққа бейімдеп, сабақтың мақсатына, күтілетін нәтижеге тоқталып өту.
ІІ. Кіріспе бөлімі. 1. Тіл дамыту кезеңі. (Мұғалім тақырыпты ашу бағытында қысқаша мәлімет беріп өтеді)
Би - біріншіден, көпті көрген, яғни, «көре - көре көсем болған», көнені ғана біліп қоймай, болашаққа да болжам жасай алатын болған.
Би – айтар сөзін бірде астарлап, бірде мысқылдап, еттен өткізіп, сүйекке жеткізген. Қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсетін от ауызды, орақ тілді шешен болған. Билердің әділ сөздері еттен өтіп сүйекке жеткенде, оған ата жаудың өзі де қылыш көтермеген. Билер ел мен ел арасындағы қоғамдық мәні зор саяси мәселелерді шешуде хан - сұлтандардың негізгі тірегі, кеңесшісі болған.
Би адамның жан - дүниесін, мінез - құлқын бір көргеннен - ақ тап басып танитын әдепті психологта болған.
2. Сұрақ - жауап кезеңі.
- Қазақ елінің атақты билерін атайық?
- Ұлы жүзде - Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде - Әйтеке би, сондай - ақ, Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.
- Билерге тән басты қасиеттерді ата?
- Әділдік, шыншылдық, батылдық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу.
- Билердің батырлығы неде?
- Олардың қолдарына қару алып жау шабуда емес, дұшпан алдында именбей, өткір тілмен турап түсетін әділетті сөз айтуында.
- Билер кімдерге кеңесші болған?
- Билер хан - сұлтандарға кеңесші болған.
3. «Білгенің артық болмас...» кезеңі. / Класс оқушылары үш жүзге бөлініп, араларынан билер тағайындалады, әр жүздің тұрғындары өздерінің мақтанышы туралы мәлімет айтып береді. /
І - топ.
Ұлы жүз – Әзіз Төле би ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардағы ұлы тұлғалардың бірі. Ол Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жазып бүкіл алаш халқына әйгілі болған. Абылай ханнан бастап, Бөгенбай батырға дейін ақыл, кеңес беріп келген атақты Бұқар жырау да Төле биді халыққа үлгі, өнеге етіп жырлады.
ІІ - топ.
Орта жүз – Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы туып, 1764 жылы қайтыс болған. Олда Тәуке ханның «Жеті жарғы» әдеп - ғұрып заң жобасын жасаушылардың бірі. Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген, атап айтсақ 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп кеңес алып қайтқан.
ІІІ - топ.
Кіші жүз – айыр тілді Әйтеке би артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған қазақтың келелі, шешен билерінің бірі. Жоңғар - қалмақ шапқыншылығына қарсы халық майданын құруға ат салысып, үлес қосқан қоғам қайраткері. Әйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім.
ІІІ. Бекіту бөлімі. Көпдеңгейлі тапсырмалармен жұмыс.
Мәтінді өз ойынша жалғастыр:
Бірде Қазыбек бидің алдына бір бала үшін дауласып екі әйел келеді.
Әйелдің бірі:
- Мен баламды жас күнімде жоғалтып алдым, ал мына әйел оны асырап өсірген. Бүгін тауып, қайтар десем, бермейді - дейді.
Екінші әйел:
- Мен бұл баланы тумасам да туғанымдай бақтым, ешкімге де бермеймін - дейді.
Сонда Қазыбек екі әйелді асықпай тыңдап, біраз ойланып, шындықты анықтау үшін. Баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып, балтаны көтеріп, былай деген екен:
- Ендеше екеуіңе қақ бөлейін.......
2. Мәтінді қазіргі кезеңмен ұштастыру.
Қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып, жоңғар - қалмақ шапқыншылығына қарсы халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесшілерінің бірі – Әйтеке би болған.
3. Берілген сөздермен сөйлем ойла.
Көсем, шешен, ұрпақ, халық қамын ойлаған, ел намысы, дұшпан, халық майданы.
ІV. Қорытынды бөлімі. «Билер» тақырыбына сэнквейн жазу.
1 - Зат есім. / Әйтеке би /
2 - Сын ісім / ақылды, әділ. /
3 - Етістік / ойлайды, болжайды, шешеді./
Сөйлем / Әйтеке би кіші жүздің көріпкел билерінің бірі. /
V. Бағалау бөлімі. / Сөз әр жүздің билеріне беріледі, олар сабақтан алған әсер, білімдерін айтып ортаға салады, қорытынды жасайды. Сондай - ақ, өз жүздеріндегі жақсы, белсенді жұмыс жасаған хан, сұлтандарды атап өтіп, олардың жұмысына баға береді.
VІ. Үй тапсырмасы бөлімі. «Егерде мен би болсам....» тақырыбына эссе жазу.