Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Биология пәнінен тест жинақтары. Құстар класы
Биология пәнінен тест жинақтары
Құстар класы
1. Қызылшақа балапандар қандай болады? - Әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген
2. Ширақ балапандар қандай болады? - Үлпілдек, қауырсынды әрі ширақ, жұмыртқадан шыға сала тіршілік әрекетіне көшеді
3. Етті қарын қандай қызмет атқарады? - тістің
4. Нанду қандай құс және құрылысын атаңдар? - Ол үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдам жүгіреді
5. Алғаш қай құс қолға үйретілді? - қаз
6. Құстардың жүрегі неше қуысты? - Төрт қуысты: екі құлақша, екі қарынша
7. Қызылшақа балапандарды шығаратын құстар? - Кептерлер, торғайлар, тоқылдақтар, қарлығаш, қараторғай
8. 1980 жылға дейін құстардың арғы тегі болған құс? - Археоптерикс
9. Құстарды зерттейтін ғылым? Орнитология
10. Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған, салмағы 45 - 50 кг болатын құс? - Эму
11. Қыран құстардың қоразын қалай атайды? - Шәулі
12. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды не деп атайды? - Құс қанатының ызғары
13. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың қандай қолтұқымы бар? - феникс
14. Жыл құстары: - қараторғай, тырна
15. Ұшатын, жүзетін құстардың төс сүйегінде болады: - қыртөс
16. Қыстап шығатын құстар: - шымшық, сауысқан, торғай, қарғалар
17. Құстардың ауа қапшықтарының көлемі өкпеден неше есе үлкен? - 10 есе
18. Тауық жұмыртқасынан қанша тәуліктен соң балапан шығады? - 21 тәуліктен соң
19. Құстардың арғы тегі не деп аталады және қанша жыл бұрын болған? - Протоавис 225 млн жыл бұрын
20. Дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты құстарды бөледі: - 3 бөлік: қыртөсті, қыртөсссіз, жүзетін құстар
21. Ұшуға бейімделуіне сәйкес құстарда не болмайды? - Қуық
22. Зоолог ғалымдар пайымдауы бойынша құстар бұдан қанша млн жыл бұрын пайда болды? - 225 млн
23. Жапалақ тектестерден тек қандай құс Қызыл кітапқа тіркелген? - Үкі
24. Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі қандай құс? - Күркетауық
25. Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі? - Қоқиқаз
26. Өңештің кеңейген бөлігі не деп аталады? - жемсау
27. Құстардың жақсүйектері тұтас мүйізді тақташалармен қапталған, оны не деп атайды? - тұмсығы
28. Жұмыртқаның доғал ұшында бұл екі қабықтың арасы нені құрайды? - Ауа қуысын
29. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс? - Кезеген альбатрос
30. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына неше жұмыртқа береді? - 220 - 250
31. Етті тауықтардың қандай түрлерін білесің? - Виандот, род - ойленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок
32. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі: - банкив тауығы
33. Дуадақ қандай құс және оның салмағы неше кг - ға дейін жетеді? - Ірі құс, 16 кг
34. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі: - қаламша
35. Әлемде неше түрі кездеседі? - 8600
36. Құстар қандай жынысты? - дара жынысты, іштей ұрықтанады
37. Колибридің салмағы қанша? - 1, 5 грамм
38. Кеңірдектің екі ауатамырға тармақталған жері не деп аталады? - Төменгі көмекей
39. Құстардың қанқасы қандай? - жеңіл әрі берік
40. Аналық қаздардың салмағы неше кг салмақ тартады? - 4 - 7 кг
41. Бөдененің «фараон» қолтұқымының қоразының салмағы неше кг? - 200 кг
42. Жапониядағы қолдан өсіретін үй құсының бірі қандай? бөдене
43. Бұдан неше мың жыл бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде қандай құс үйретілген? - 7 мың жыл бұрын жабайы сұр қаз
44. 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен археоптерикстердің екінші атауы? - Алғашқы қанаттылар
45. Аяқтарындағы толар сақ, табан сүйектері қандай сүйекке айналған? - жіліншек
46. Құстардың қарны қандай бөлімдерден тұрады? - Безді және етті
47. Аш ішекке бауырдан келетін өт өзек мен ненің безі ашылады? - Ұйқы безі
48. Құстардың қай бұлшық еттері өте жақсы дамыған? - Төссүйектегі кеуде, бұғана асты
49. Құстардың орын ауыстыруын не арқылы анықтайды? - Сақина салу
50. 1886 жылы Ресей аумағынан ұшып өтетін құстардың толық картасысын жасаған орыс зоологы: - М. А. Мензбир
51. Құстарға тән тыныс алу: - Қосарлы тынысалу
52. Құстардың қанайналым шеңбері: - 2
53. Күркетауықты алғаш қай елде қолға үйретті? - Мексика және АҚШ
54. Кивидің салмағы қанша? - 2 - 3 кг
55. Құстардың дене температурасы: +41;+43
56. Бүйректе түзілген зәр қышқылы қалай сыртқа шығарылады? - Екі несепағар түтігінен – клоакаға одан нәжіспен саңғырық түрінде тез шығарылады
57. Қазіргі кезде бөдененің қандай етті қолтұқымы өсіріледі? - Фараон
58. Шағаланың қорегі: - балық
59. Жапония мен Қытайда әсемдік үшін қай құс өсіріледі? - баққунақ
60. Төбелестіру мақсатында қандай қолтұқымдарды асырайды? - Малай, үнді, ағылшын қол тұқымдары
61. Құстардың есту мүшесі? - Ішкі және ортаңғы құлақ
62. Бөдененің қоразының салмағы неше? - 200гр
63. Азияның оңтүстігінде бұталы, орманды жерлерде қандай жабайы құс мекендейді? - тауыстар
64. Тауыстардың құйрық қауырсындары қандай? - Құйрық қауырсындары ұзын, көзге ұқсас, әр түрлі түсті ірі өрнектері болады
65. Император пингвиннің салмағы мен бойы қандай? - Салмағы – 45 кг, бойы – 110 - 120 см
66. Пингвиндердің ең ірісінің салмағы неше? - 45 кг
67. Құстардың жақсүйектері немен қапталған? - тұтас мүйізді тақташалармен
68. Өңештің кеңейген бөлігі: - жемсау
69. Құстардың ірі қауырсындарының мүйізді өзегі: - сояу
70. Құстар жұмыртқасының сырты қапталады: - әк қабықпен

Құрастырғандар:
Кулмуханова Н. Ж. – ЖББ Ж. Досмұхамедов атындағы орта
мектеп - балабақша кешенінің жоғары санатты
химия - биология пәнінің мұғалімі

Наурызбаева Қ. Е. – ЖББ Ж. Досмұхамедов атындағы орта
мектеп - балабақша кешенінің жоғары
санатты химия - биология пәнінің мұғалімі
Толық нұсқаны қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама