Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Биология пәнінен тест жинақтары. Сүтқоректілер классы
Биология пәнінен тест жинақтары
Сүтқоректілер классы

1. Сүтқоректілердің қаңқасы неден тұрады? - Бассүйек, омыртқа жотасы мен кеуде қуысы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан тұрады
2. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым? - маммалогия
3. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер неше класс тармағына жиіктеледі? - 2 класс: ілкіаңдар, қазіргі аңдар
4. Сүтқоректілердің тістері құрлысына атқаратын қызметіне неше топқа бөлінеді? - 2 топқа: күрек, сойдақ, кіші, үлкен азутістілер
5. Ең ұзақ буаз болатын сүтқоректі жануар? - Азиялық піл 690 - 760 күнге дейін
6. Қан денеге қандай заттарды тасымалдайды? - Газ бен қоректік заттар
7. Сүткқоректілердің жүрегі неше қуысты? - Төрт қуысты
8. Езуден шақшытқа дейінгі жақ сүйекті иікпен жалғастыратып тұтастыратын бұлшық ет не деп аталады? - ұрт
9. Қазіргі кезде сүтқоректілердің неше түрі бар? - 4500
10. Сүтқоректілердің есту мүшесі: - ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақ
11. Төменгі сатыдағы сүтқоректілер қалай аталады? - Қалталы сүтқоректілер
12. Сүтқоректілердің тыныс мүшелері: - Өкпе, танау тесігі, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауа тамырлары
13. Көкет: - кеуде мен құрсақты бөліп тұрады
14. Теріде қандай бездер болады? - Май, тер, сүт, иіс шығаратын бездер
15. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасындағы арнайы мүше? - Ұрық жолдасы
16. Аңтісті кесірткелер бұдан қанша млн жыл бұрын тіршілік еткен? - 250 - 180 млн
17. Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы? - Сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамырда сол жақ қолқа доғасын құрайды
18. Қалталы сүтқоректілер неше жыл бұрын пайда болған? - 140 миллион жыл бұрын
19. Киттердің иіс сезу мүшесі қалай дамыған? - Өте нашар
20. Ілкіаңдарға жататын сүтқоректілер? - Ехидна, үйректұмсық, түрпі
21. Жабайы аңдардың өнімдері қандай? - мүйіздері, бағалы терісі
22. Ауыз қуысына неше жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады? - 3 - 4 жұп
23. Сүтқоректілерде қандай қан араласпайды? - Вена қаны мен артерия қаны
24. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы немен бөлінген? - Дабыл жарғағымен бөлінген
25. Өкпе көпіршектерінің екінші атауы? - альвеолдар
26. Тыныс шығару қозғалысына не қатысады? - Көкет
27. Қарындағы көптеген ұсақ бездер не бөледі? - Қарын сөлін
28. Ортаңғы құлақ қуысында қандай сүйектер бар? Балға, төс, үзеңгі
29. Үйректұмық қандай сүтқоректілерге жатады? - Алғашқы аңдар
30. Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің қандай түрін білесің? - Құндыз, кәмшаттар, кит, түленде, т. б.
31. Ұшатын сүтқоректілерге не жатады? - жарқанат
32. Жабайы қоян неше күнде төлдейді? - 45 - 51күн
33. Сүтқоректілердің мойын омыртқа саны қанша? - 7
34. Ауыз қуысы немен жалғасады? - Жұтқыншақпен өңеш арқылы қарынмен жалғасады
35. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды не деп атайды? - Өкпе көпіршіктері
36. Ширақ балапанды құстар қалай аталады? - Тауық, қаз, жыртқыш құстар
37. Тауықтектестер: - қырғауыл, бөдене, кекілік, ұлар
38. Көшпелі құстар: - поляр үкісі, кейбір жыртқыш құстар
39. Қыран құстардың балапаны: - Ақүрпек

Құрастырғандар:
Кулмуханова Н. Ж. – ЖББ Ж. Досмұхамедов атындағы орта
мектеп - балабақша кешенінің жоғары санатты
химия - биология пәнінің мұғалімі

Наурызбаева Қ. Е. – ЖББ Ж. Досмұхамедов атындағы орта
мектеп - балабақша кешенінің жоғары
санатты химия - биология пәнінің мұғалімі
Толық нұсқаны қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама